Қорытындысы шығарылып, жоспарлар мен  міндеттер айқындалды!

Қорытындысы шығарылып, жоспарлар мен міндеттер айқындалды!

27.12.2023 Off By Администрация сайта

2023 жылғы 27 желтоқсанда «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалы атқару комитетінің ағымдағы жылғы қызметінің қорытындысы бойынша кеңейтілген есеп беру отырысын өткізді.

         Жиынға «Қызмет» салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мирболат Жақыпов, атқару комитетінің мүшелері, «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен өкілдері қатысты.

          «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов баяндама жасады.

Атақозы Нұрланов өз сөзінде кеңейтілген мәжіліске қатысушыларды Филиал қызметі туралы хабардар етіп, ағымдағы жылдың жұмысын қорытындылап, 2024 жылға арналған негізгі міндеттерді жариялады.

       Айта кетерлігі, биылғы жылы Филиал кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бағытында біршама жұмыстар атқарды.

        Филиалдың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарларында бекітілген барлық іс-шаралар толық көлемде және мерзімінде орындалды. Жоспардан тыс көптеген іс-шаралар, соның ішінде кәсіби мерекелерге арналған шаралар өткізіліп, ұйымдастырылды.

         Жиынға қатысушылар алдында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов та сөз сөйледі. Ол «Қызмет» салалық кәсіподағының 94,5 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерін біріктіретінін атап өтті.

Салалық кәсіподақ ұйымының жетекшісі салалық кәсіподақ көп жағдайда кәсіподақ қызметкерлерінің еңбегі мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының жұмылдыру жұмыстарының арқасында облыстар мен республикада берік беделге ие екенін атап өтті.

«Орталық кеңес атынан Сізге және біздің барлық әріптестерімізге еңбек ұжымдарыңызда атқарып жатқан игі істеріңіз үшін жеке алғыс айтамын. Ал жаңа жылда сәттілік пен табыс тілеймін!», – деп Мирболат Жақыпов жиналғандарға алғысын білдіріп, құттықтады.