Теңге күні – Қаржыгерлер мерекесі!
16.11.2023Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің туған күнімен тікелей байланысты. Сондықтан да бұл күні ұлттық валютаның бастауына еңбек сіңірген, қызмет жасап жүрген адамдарға ыстық лебізімізді білдіріп, марапат төріне шығаратын күн.


Барлық деңгейдегі бюджеттер үшін кіріс көздерін дамыту бойынша күрделі міндеттер атқарып жүрген Ұлытау облысының кірістер департаменті ұжымында салтанатты жиын өтті. Мерекеге “Қызмет” Салалық кәсіподағының Ұлытау облысы бойынша филиал төрағасы Кожабаева Раушан қатысты. Ол “Қызмет” Салалық кәсіподағының төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлының құттықтауын жеткізіп, негізгі жұмысымен қатар кәсіподақ қозғалысына елеулі үлес қосып жүрген кәсіподақ мүшелерін Салалық кәсіподақ және филиал атынан марапаттады.


“ Қызмет» Салалық кәсіподағының
“Кәсіподақ қайраткері» медалімен:
Казбекова Кымбат Марленовна – «Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ адам ресурстар басқармасының бас маманы, “Қызмет» Салалық кәсіподағының
Құрмет грамотасымен:
Касымбек Алмагүл Капышқызы – Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мұрағатшысы,
“ Қызмет» Салалық кәсіподағының
Алғыс хатымен:
Байтогаева Гулсара Мухатаевна – Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының іс-жүргізушісі.
Өздерінің кәсіби қызметін қаржы аймағына арнаған адамдарды жоғары кәсібилік, сауаттылық және жауапкершілік ерекшелендіреді ғой. Осындай еңбек адамдары кірістер басқармасында талай жылдан бері еңбек етіп келеді. “Қызмет” кәсіподағының Ұлытау облысы бойынша филиалының
“Еңбек озаты”төсбелгісімен департамент ардагерлері
Дюсембаева Раушан Кенжебековна, Каржасов Нуржан Сманович марапатталды.
Мереке соңында Республика күніне орай “Қызмет” Салалық кәсіподағының “Келешек” Жастар кеңесінің кәсіподақ мүшелерінің балалары арасында ұйымдастырған суреттер мен плакаттар байқауының қорытындысы жарияланды.
Ерекше толқыныс. Мерекеге жоғары көңіл-күй сыйлаған жаңалық. Ия, республикалық сайыста 1 орын иеленген Ұлытау облысының кірістер департаменті ұжымы. Департаменттің бөлім басшысы, кәсіподақ мүшесі Альсеитов Асыл Абайұлының ұлы Карахан Альсеитов жеңімпаз атанды. Салалық кәсіподақтың Дипломы және арнайы сыйлығы тапсырылды.






[…] clindamicina 300[…]
clindamicina 300