ҚР ұлттық валютасының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара
15.11.20232023 жылы 15 қараша күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысты.
Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Каюпов, қаржы саласының мекеме басшылары, қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында кәсіподақ төрағасы С.Сүлеймен Ұлттық валюта – теңге мемлекетіміздің тәуелсіз экономикалық кеңістігін қалыптастырған тәуелсіздігіміздің нышандарының бірі екендігін, жүргізілген экономикалық реформалардың бүгінгі күннің игілігіне айналғанына, ақша ресурстарын сауатты жоспарлау және бөлу, оларды жұмсау тиімділігін басқару бүгінгі таңда қаржыгерлер алдында тұрған оңай міндет емес екендігіне тоқталып, кәсіподақ мүшелерін 30 жылдық мерейтоймен құттықтап, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен, Құрмет грамоталарымен марапаттады.




