Республика күніне арналған балалар суреттері мен плакаттар байқауының қорытындысы

Республика күніне арналған балалар суреттері мен плакаттар байқауының қорытындысы

06.11.2023 Off By Администрация сайта

«Келешек» жастар кеңесінің 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық Кеңесі Республика күніне арналған республикалық балалар суреттері мен плакаттар байқауын өткізді.

Байқау 7 жастан 10 жасқа дейінгі, 11 жастан 13 жасқа дейінгі және 14-16 жас аралығындағы балалардың жас санаттары бойынша ұйымдастырылған.

Байқауға «Қызмет» салалық кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің балалары,  барлығы 57 оқушы қатысты.

Қазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Жүлделі орындарға ие болған байқауға қатысушылар I, II, III дәрежелі Дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Басқа қатысушы сайыскерлерге Алғыс хат тапсырылды.

«Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалынан республикалық конкурсқа 3 жұмыс жіберілді, қазылар алқасының шешімі бойынша 11-13 жас аралығындағы І дәрежелі диплом Амина Шабденоваға берілді.

Айта кетейік, «Қызмет» салалық кәсіподағы филиалынан байқауға 40 бала қатысты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ және «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының» Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы «ШЖҚ РМК бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелерінің балалары өз жұмыстарын ұсынды.

Қазылар алқасының мүшелері «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалы атқару комитетінің мүшелерінен 3 жеңімпазды анықтады.Осылайша, қазылар алқасының мүшелері бірауыздан I орын Жадыраға Қуандықоваға, II орын Әміра Жұмабаеваға, III орын Жандаулет Жанбосынға бұйырды. Сонымен қатар, екі қатысушы Темірлан Жүсіпов мен Інжу Махсумхан ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Байқауға қатысушылардың барлығы берілген тақырыпқа үлкен жауапкершілікпен қарағанын және өз жұмыстарын ынта-жігерімен ұсынғанын атап өтуге болады. Балалар салған суреттерінде шығармашылық қабілеттерін көрсетумен қатар, әрбір ұсынылған суретте елімізге, халқымызға, табиғатымызға, Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік көзқарастарын көрсете білді.

 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс ттілейміз!