Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

26.10.2023 Off By Администрация сайта

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Шексіз өмір» атты мерекелік іс-шара өтті.
Әлеуметтік сала еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан оқиғалардың дені осы әлеуметтік мәселе төңірегінде туындап жатқаны шындық. Әсіресе, әлеуметтік ұғыммен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға әсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогикалық қызметтер секілді қатарлас қолданылатын тіркестер құлағымызға сіңісіп кеткен. Десекте, бұлардың астарында, қоғам өмірінде болып жатқан мәселелерге ат үсті қарамай мемлекеттіміздің әрбір көмекке зәру жандарына қол ұшын созып жатыр. Әлеуметтік қызметкер болу үшін темірдей төзім керек. Қамқорлыққа зәру жандардың сұрағына жауап беру, тапсырманы орындағанын күту, жұбату, біраз күш-жігерді талап етеді. Ол-тек осы сала мамандарының қолынан келетін іс. Сондықтан, әлеуметтік қызметкер болу оңай емес.

Оған тек үлкен жүрек иелері ғана бара алады. Мереке қарсаңында орталықтың қызмет алушы балалары мен бірқатар қызметкерлері «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Кенесариева Акмарал Жолсейтқызы және Алғыс хаттарымен Абдурагимова Гульнара Камильевна, Оралбаева Гулназия Бейсенқызы, Жолдасова Элмира Жолдыбайқызы, Куандыков Бахтияр Аксайұлы марапатталды.
Еңбектеріңіз еленіп, халыққа көрсеткен қызметтеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!