«Республика күні» мерекесі аталып өтуде!

«Республика күні» мерекесі аталып өтуде!

26.10.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Түркістан облысы Мақтарал аудандық комитеттің төрағасы Қасымбек Хаметов кәсіподақ мүшелерін 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтап,
жастарға Егеменді ел болу оңай еместігін, көрші елдердің, басқа құрылықта орналасқан елдердің Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін салыстра отырып, әдемі әңгімелеп берді.
Алтай менен Атыраудың арасындағы кеңестікті мұра қылып қалдырған ата-балаларымыздың рухы қолдап, Қазақ елінде бейбіт өмір мәңгілік болуы жолында аянбай еңбек етулеріне тілектестігін білдірді.

Ел экономикасын нығайтуға қосқан еселі еңбектері үшін бірқатар азаматтарға «Қызмет» республикалвқ салалық комитеттің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың Құрмет Грамоталарын табыс етті.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Мереке құтты болсы!