Ақтөбеде кәсіподақтар күні аталып өтілді
10.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күнін жоғары деңгейде атап өтті. Мерекеге арналған шараға кәсіподақ ардагерлері, кәсіподақтың сенімді әріптестері, белсенді кәсіподақ мүшелері мен жастары қатысты.Сала ардагерлерінің ақ батасынан басталған шара облыстық филиал жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің ән-шашуымен әрленді. «Жеті қырлы, бір сырлы» жастарымыз әсем әнмен, тәтті күймен әріптестеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.Жастар кеңесінің мүшелері ойылдық Нұрлан Айтқалиев пен ырғыздық Жанат Ерік шараны жүргізуге үлестерін қосып, қазақи нақыштағы киімдерімен шараға ерекше сән берді.Мемлекеттік қызмет және кәсіподақ ардагерлері Амангелді Шунимов пен Зәпен Жұмабаева өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға жылы лебіздерін жеткізсе, облыстық филиалдың сенімді әлеуметтік әріптестерінің бірі Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Қонақбаев қонақтарды мерекемен құттықтап, бірлескен жұмыс үшін алғысын білдірді.


Бұдан әрі филиал басшысы Мұхтарита Сағындықова сөз алып, әріптестерін құттықтап, бірлескен жұмыстары үшін алғысын білдірді және бір топ сала үздіктерін «Қызмет» салалық кәсіподағы Орталық аппаратының «Кәсіподақ қайраткері» төсбелгісімен, «Кәсіподақ үздігі» белгісімен, құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен, облыстық филиалдың «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» және «Еңбек озаты» төсбелгілерімен марапаттады.Шара «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Темірлан Тайшымановтың кәсіподақ жастарына үндеу жасауымен аяқталды.

«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейді.

