Экономика саласының қызметкерлеріне марапаттар табысталды
10.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, басқарманың қызметкерлерін «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: мекеменің бөлім басшысы Алдабергенов Бауыржан Ғалымжанұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, мекеменің бас мамандары Мұхтарбек Дулат Қуатбекұлы, Арашов Нурбол Әлібекұлы «Құрмет грамоталарымен» және Сақтаған Жансая Берікқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында басқарманың басшысы Есқараев Ерлан ұжым мүшелерін мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдірді.



