Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру
27.09.2023«Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының жетекшісі Атақозы Нұрланов жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде қатысады.
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Еңбек мобильділігі орталығында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтаған жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия жұмысы басталды. Оған 600-ден астам өтінім келіп түсті.

