Кәсіподақ жұмысы көп салалы

Кәсіподақ жұмысы көп салалы

06.09.2023 Off By Администрация сайта

Соның бір саласы әйелдердің мәселелері. Оның ішінде жалғыз басты, көп балалы әйелдердің  мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Жаңа оқу жылы қарсаңында аталған санаттағы кәсіподақ мушелерімен «Кызмет салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ төрайымы, облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер ісі және демографиялық саясат жөніндегі облыстык комиссия мүшесі Сағындықова М.М.  гендерлік саясатпен кәсіби түрде айналысып журген әлеуметтік әріптестермен  кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында нәзік жандыларға арналған кәсіподақ саясаты түсіндіріліп, әлеуметтік кепілдіктер ұжымдық шарт арқылы алынып жатканын,сонын арқасында көптеген әйелдер отбасы мен кызметінің арасында баланс сақтауға мүмкіндік алғанын хабардар етті.

Кездесуге әдейілеп келген қаламызда былтыр ашылған “Отбасы” орталығының басшысы Б.Халел, облыс әкімінің әйелдер ісі бойынша кеңесшісі Е.Шукірова және Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Комиссия хатшысы Г.Маханова қатысып отбасылық саясат жөнінде мағлұматтар берді. Сонымен қатар  әйелдерге салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру , отбасының береке -бірлігін сақтап , бала құқығын шектемеуге шақырып  ішкі жан сұлулығы, сабырлығы мен тыныштығын сақтаудың әдістерін үйрету мастер класстарын көрсетіп келе жатқан жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.