«Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетілді
01.09.2023Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы атқарылар игі шаралардың бірі. Акция аясында биыл да «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалына қарасты кәсіподақ ұйымдары тыс қалмай, белсенді түрде өткізді.
Филиалға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдары 810000 теңге қаржыға барлығы 60 балаға (оның ішінде 49 –і кәсіподақ мүшелерінің балалары, 11-ы аз қамтылған отбасының балалары) кеңсе тауарлары, қажетті құралдары т.б. алынды.
Атап айтар болсақ, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кәсіподақ ұйымы 16 кәсіподақ мүшесінің балаларына қажетті құралдарын сыйласа, Мүгедектерге арналған оңалту орталығының кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің 3 баласына 20000 теңгеден қаржылай сыйлықты табыстады. Ал Қызылорда қаласы әкімі аппаратының кәсіподақ ұйымы 15 техникалық персоналдың 22 баласына 220000 теңге қаржыға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алды, ал Экономика және қаржы басқармасының кәсіподақ ұйымы аз қамтылған отбасының 2 баласына 80000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.

Сондай-ақ ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің кәсіподақ ұйымы 86000 теңге қаржыға 8 кәсіподақ мүшелерінің 1 сыныпқа баратын балаларына оқу құрал-жабдықтарын алып табысталса, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, Жалағаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің, Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, Сұлутөбе ауылдық округі әкімі аппаратының, Інкардария ауылдық округі әкімі аппаратының кәсіподақ ұйымдары аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу құрал-жабдықтарын сатып алуға 20000 – 40000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.





