«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы аясындағы берілген көмек

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы аясындағы берілген көмек

01.09.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы аясында Еңбекші ауданының демеушілері есебінен 160 бала, оның ішінде 65  бала  мектеп формасы, 95 баласөмке, кеңсе заттары, яғни  мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Олар аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі бала қараушы отбасылары, Еңбекші аудандық полиция басқармасында есепте тұратын жайсыз отбасы және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің отбасылары, пробация есебіндегі азаматтардың балалары.

Сонымен бірге Еңбекші ауданындағы мектеп ұжымдарының ұйымдастыруымен демеушілер есебінен 157 балаға, оның ішінде 32 балаға  қаржылай көмек және 125 балаға  сөмке, кеңсе заттарытапсырылған.