«Қызмет» салалық кәсіподақ ұйымының жетекшісі Аршалы ауданында болды

«Қызмет» салалық кәсіподақ ұйымының жетекшісі Аршалы ауданында болды

30.08.2023 Off By Администрация сайта

Осы жылдың 30 тамызында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов пен «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Боранбай Бегалин жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болды.

Кәсіподақ жетекшілері Аршалы ауданының кәсіподақ белсенділерімен кездесті. Жиынға аудан әкімі Мұрат Балпан қатысты.

Кездесу барысында тараптар алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Өз кезегінде Мирболат Жақыпов Аршалы ауданының кәсіподақ ұйымдарын жан-жақты қолдағаны үшін Мұрат Балпанға алғысын білдіріп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстары үшін алғыс ретінде «Кәсіподақ қайраткері» медалін табыс етті.

Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағының көшбасшысы Мирболат Жақыпов «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы К. Б. Оспановамен кездесті.

Жиын барысында «Қызмет» салалық кәсіподақ ұйымының негізгі бағыттары қарастырылып, ағымдағы жылға арналған жоспарлар айтылды.

Жалпы, жұмыс сапары нәтижелі болып, жергілікті жерлерде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысуға мүмкіндік беріп, алдағы кезеңге нақты міндеттер жүктелді.