«Жемқорлықсыз қоғам – болашағынық мемлекет»
24.08.20232023 жылдың 23 тамыз күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен «Жемқорлықсыз қоғам – болашағынық мемлекет» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінде өткен семинар-кеңеске спикер ретінде шақырылып, семинарға қатысып келді.
Семинарға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Байсалов, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен, ақын, ардагер-ұстаз, Жұбантанушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ү.Елеубайқызы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратындағы Әдеп жөніндегі уәкілі А.Хайруллина, аудан прокуроры С.Орынғалиев, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім және мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты: Аудан аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалар негізінде, қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Семинар барысында сөз алған спикерлер сыбайлас жемқорлық біздің ел үшін де жалпы әр адам, халық үшін де бүгінгі таңда әлеуметтік жағынан салмақты әрі ең өзекті мәселе екендігіне тоқталып, сол себепті, жемқорлықпен күрес үнемі жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес-тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар тұтастай қоғамның міндеті, сондықтан еліміздің барлық аймақтарындағы азаматтық қоғамның барлық ізгі күштерін осы бір маңызды қоғамдық мәселені барынша тиімді де нәтижелі шешуге бірлесе жұмылдыруы керек екендігін айтылды.