Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

14.08.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында кәсіподаққа мүше жастар арасында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері, «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері және кәсіподаққа мүше мекемелердің жастары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы төрайымының орынбасары Рафхат Бисенов, облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Елеусіз Нұрғалиев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Әнуар Искарин, «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Темірлан Тайшыбаев сөз сөйлеп, тақырып аясында пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, қатысушы жастар тақырыпқа сәйкес өз ойларын білдіріп, дөңгелек үстел жұмысына белсене қатысып, еліміздегі жастар саясатына қатысты көзқарастарымен бөлісті және бұл бағытты одан әрі жетілдіру үшін ұсыныстарын жеткізді.