Кәсіподақтар ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді
02.08.2023Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «№31775 Әскери бөлімі» РММ (ә/б командирі – полковник Марат Шахашов) еңбек ұжымының бірқатар мүшелерінің бастамасымен Татьяна Шатохина – Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрайымы және Света Шардарбекова – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Қарағанды облыстық филиалы – Татуласу орталығы басшысы қатысушыларды республика мен өңірдің кәсіподақ қозғалысының қызметі, әлеуметтік-еңбек қатынастарын құқықтық реттеу және қызметкерлердің құқықтарын қорғау туралы хабардар ете отырып, азаматтық қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу өзара пайдалы және ақпараттық болды, барлық қызықтырған сұрақтарға құзыретті жауаптар берілді және бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мүмкіндігі түсіндірілді.