«Қызмет» салалық кәсіподағының Атқару комитетінің отырысы өтті
26.07.2023Бүгін, 2023 жылғы 26 шілдеде «Қызмет» салалық кәсіподақ атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалдарының қаржылық қызметі мен есептілігі туралы, «Қызмет» салалық кәсіподақ мүшелеріне санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу туралы ережені бекіту туралы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен «Қызмет» салалық кәсіподағының мемлекеттік және Қазақстан Республикасының кәсіптік мерекелеріне арналған наградалары үшін кандидатураларды бекіту туралы және т. б.мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, жеке блокта филиалдар жүргізетін ақпараттық жұмыс туралы мәселе қаралды. Мәселелерді талқылауға кірісе отырып, салалық кәсіподақ көшбасшысы Мирболат Жақыпов қатысушылардың назарын салалық кәсіподақтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарында бекітілген барлық қойылған міндеттер толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс екендігіне аударды.
Отырыс жұмысын аяқтай отырып, салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Жақыпов қатысушыларға күн тәртібіне қойылған мәселелерді мүдделі талқылағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, кәсіподақ бірлігін нығайту, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру,мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері арасында оның беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін баса айтты.
Атқару комитетінің мүшелері ағымдағы жағдайды бағалау бойынша пікір алмасты. Нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық тармақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.