Қазынашылық департаментінен кәсіподақ ұйымы ашылды
26.07.2023Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаменті мемлекеттік мекемесінде жалпы жиналыс өтіп, ұжым мүшелері мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу туралы шешім қабылдады.
Департаментте жұмыс жасайтын 45 қызметкер өз еріктерімен кәсіподақ мүшелігіне кіру туралы өтініштерін беріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірді.
Ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында кәсіподақ төрағасы болып Ергешова Әуескүл және тексеру комиссиясының төрағасы болып Жүсіпова Сабира сайланды.
Мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі тарапынан департамент басшысы Қарлығаш Асанқызы Шарафиеваның және жұмыскерлер тарапынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Әуескүл Ергешованың арасында 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында 2023 жылғы 25 шілде күні №124 санды номермен тіркелді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың, мекеменің жұмыс берушісі – департаменттің басшысы Қарлығаш Асанованың және жұмыскерлер атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Әуескүл Ергешованың араларында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.