Жаңадан құрылған мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылды

Жаңадан құрылған мекемеден кәсіподақ ұйымы ашылды

17.07.2023 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласында жаңадан құрылған Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Мекемеге жұмысқа қабылданған 40 адам толығымен кәсіподақ мүшелігіне тартылып, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірді.
Мекемеде өткен жалпы жиналыста бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Алдабергенов Ансар Жұмабайұлы және тексеру комиссиясының төрағасы болып, Рысқұлбек Нұржан Кенжеалиұлы сайланды.
Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан №120 санды номерімен тіркеуден өтті.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі – мекеменің басшысы Аманжол Ахметжанұлы Рамазановтың және жұмыскерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ансар Жұмабайұлы Алдабергеновтың арасында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.