Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

23.06.2023 Off By Администрация сайта

2023 жылғы 23 маусым күні «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде үздіктерді марапаттау шарасы өтті.
Іс-шарада департамент басшысы Ш.Сұлтанхан және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, әдеп кеңесінің мүшесі С.Әуесханов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.
Атап айтқанда:
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне, кәсіподақ төрағасы Марат Абдимажидұлы Тажибаевқа және кәсіподақ хатшысы Айнур Келгенбекқызы Жалмурзаеваға «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» дипломы мен «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама сертификаты тапсырылды.
Шымкент қаласының мемлекеттік органдар қызметшілері арасында спорттың 7 түрінен /шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, бильярд және ұлттық спорт түрлері: қазақ күресі, тоғызқұмалақ/ өткен спартакиада жарысының қортындысымен жалпы командалық есеп бойынша жүлделі орынды иеленген: 1 орын – Шымкент қалалық соты, 2 орын – Тұран ауданы әкімінің аппараты, 3 орын – Шымкент қаласы әкімінің аппараты командаларының капитандарына дипломдар мен кубоктар табысталды. Ойын түрлері бойынша жеңімпаздарға «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тарапынан 27 сыйақы белгіленіп, оларға жалпы 540,0 мың теңге қаржылай сыйақы берілген. «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық байқауының жеңімпаздары: Шымкент қаласы әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – Алипбаев Нұрдаулет Берікұлы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің сауда статистикасы бөлімінің бас маманы – Сағынтай Дүйсенбек Бахытұлы;
«Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» өңірлік конкурсының жеңімпаздары: 1 орынды иегенген Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары – Исабекова Айнұр Ақжігітқызы, 2 орынды иеленген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Жанабаева Меруерт Болатқызы, 3 орынды иеленген ҚР Ауыл шарушылығы министрлігінің Шымкент қаласы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекция басшысының орынбасары – Аманбеков Ерлан Мтсбекұлы дипломдармен марапатталды.
«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» мерекесі қарсаңында «Алғыс хаттар»: Абай ауданы әкімінің аппаратынан Арғынғазиев Бауыржан Батырғазыұлы, Оспанова Ақнұр Балтабайқызы, Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінен: Байзақ Балжан Шахисламқызы, Лесбек Сұлтан Бағдатұлы,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінен: Маденова Лазат Мадиярқызы, Башаев Бақытжан Ғаниұлы марапатталды.