Еңбегің бағаланып, алғыс жауған күн!

Еңбегің бағаланып, алғыс жауған күн!

23.06.2023 Off By Администрация сайта

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күні кәсіби мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүрге сай «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен үздік кәсіподақ мүшелерін марапаттау шарасы өтті.Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілік пен ыждағаттылықты талап ететін, халықтың мұң-мұқтажы мен мемлекеттің мүддесі үшін өз уақытымен санаспай, мереке күндері тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын да, айтып келмейтін түрлі апаттар кезінде бел ортасында жүретін де, өкінішке орай кей жағдайда өмірін қиып, ажал құшып жатқан шын патриоттар қызмет ететін сала.Мұндай патриоттар шынайы еңбегі үшін алғыс күтпейді, осыны ескеріп «Қызмет» салалық кәсіподағы бұл күні елдің аманатын арқалап жүрген азаматтардың еңбектерін елеп, адал қызметтері үшін кәсіподақ комитетінің марапаттарын табыстады.Мерекелік шараға түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер қатысты, ауылдық әкімдікте қызмет ететін мамандардан бастап облыс әкімдігіндегі мемлекеттік қызметшілерге дейін марапаттан құр қалмады.

Бірқатар әріптесіміз «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық комитетінің «Кәсіподақ қайраткері», құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталса, облыстық филиал өз кезегінде «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін», «Еңбек озаты» төсбелгілерін табыстап, алғыс хаттармен марапаттады.Шараға қатысқан ардагерлеріміз қатысушыларға ақ батасын беріп, өзінен кейінгі буынға жүрекжарды тілектерін білдірді.Барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс, қызметтеріне табыс, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, құт-береке тілейміз.

Игі тілекпен, “Қызмет” салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы