Байдарка және каноэ есуден Шымкенттіктер бас жүлдені иеленді!
20.06.2023Орал қаласында байдарка және каноэ есуден Қазақстан Республикасының VI Жазғы спартакиада ойындары аяқталды.
Жарыс қорытысында Ольга Подойникова баптайтын Шымкент қаласының спортшылары 17 алтын, 5 күміс, 6 қола медальді жеңіп алып, бас жүлдені иеленді!
Түркістан облысы II орынды , Қарағанды облысы III орынды жеңіп алды.
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-сі байдарка және каноэда есу бөлімінің аға жаттықтырушысы Алексеев Евгений Петрович бастаған бапкерлердің еңбегі зор.
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-сі “Қызмет” салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы бар мекеме.
Мұрат Бұзауов басқаратын Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің ұжымын және Бақытжан Жақсықұлов басқаратын Л.Тәжиева атындағы олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінің ұжымын спорт жарысындағы жеңістерімен құттықтаймыз!
Ғаламат жеңістің жолы жалғаса берсін!


