Акциясы аясында медицина қызметкерлері марапатталды
20.06.2023Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы арнайы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.
Мекеме тарапынан басшы Досбаева Ақмарал Ақылбекқызы және кәсіподақ төрайымы Шанасова Құралай Жораханқызы қатысты.
«Қауіпсіз еңбек жылы» аясында «ҚР Еңбек кодексі», «ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңдарының талаптарын жүзеге асыру шараларын өткізу бойынша ұжымдық шарттың мазмұнына, еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне тоқталып, әдістемелік және құқықтық көмек көрсету, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табысталды.
Атап айтқанда, филиалдың «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің дәрігері Агимбетова Қаламкас Бөрібекқызы, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің дәрігер невропатологы Мерекеева Гаухар Асанқызы, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мейірбикесі Шанасова Құралай Жораханқызы, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Қалдыбай Мөлдір Бахтиярқызы, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің диета жөніндегі мейірбикесі Өтебаева Айгерім Нұржалғасқызы марапатталды.
Ал, мекеме басшысы А.Досбаева Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен мекеменің «Алғыс хаттарын» табыстады.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.





