Медицина саласының қызметкерлері марапатталды
19.06.2023“Қызмет”салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалы мамыр айында жаңа ұйым -Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институты бастауыш кәсіподағымен толыққан-ды. Осы мекемеде жұмыс істейтін сот медициналық сарапшылары да маусым айында өткізілетін Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Сот медицина сарапшысы ол бірнеше мамандық иесі, себебі сарапшының дәлелді, тұжырымды қорытындысы талай ғылымның мағлұматынан құрылады.

“Қызмет” салалық кәсіподағының төсбелгісімен 12 жыл еңбек өтілімі бар Аязов Әзімхан, “Қызмет”салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен Байсадықов Миржан, Исмаилов Насыр және де басқа сот медицина саласының мамандары марапатталса,ал 8 жылдай осы мекемеде жауапты да, қиындығы бірдей жұмысты атқарып жүрген Рысбаева Лаура Қазақстан кәсіподақтарының кез келген шипажайына санаториялық емделуге 30 % жеңілдікпен сертификатқа иеленді. Барлық марапаттар кәсіподақ комитеті шешімімен берілді, ендігі жерде ұжымның көп жұмысы кәсіподақпен етене жақын болатыны анық байқалды.


