1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық Кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі, одан әрі Кәсіподақ өз мүшелерінің еңбек, өндірістік және кәсіби мақсаттары негізіне сай құрылған тәуелсіз, жеке дербес қоғамдық бірлестік болып табылады.
1.2 Кәсіподақтың мемлекеттік тілдегі ресми атауы: «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі;
Орыс тілінде – Общественное объединение «Отраслевой профессиональный союз работников государственных, банковских учреждений и общественного обслуживания».
1.3. Кәсіподақтың мекенжайы: Қазақстан Республикасы: 050004, Алматы қаласы, Жетысу ауданы, Желтоқсан көшесі, 37, кеңсе 312-317 .
1.4. Кәсіподақтың келесідей түрдегі құрылымдық бөлімшелері: филиалдары, аудандық, қалалық, бастауыш кәсіподақ ұйымдары және өкілдіктіктермен, жергілікті кәсіподақтар республиканың облыстарында, қалаларында, аудандарда, мекемелерде, үйымдарда бар.
1.5. Кәсіподақ Қазақстан Республикасының Ата Заңы, ҚР заңдары және басқа да нормативтік құқықтық актілері, халықаралық құқықтың жалпы қабылданған заңдары мен Кәсіподақтың осы Жарғысына сәйкес қызметін жүзеге асырады.
1.6. Кәсіподақ өз қызметін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар, саяси партиялар, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз атқарады, оларға есеп бермейді және бақылауында болмайды. Кәсіподақтың олармен өзара қарым-қатынасы тең дәрежелі қызметтестік пен әлеуметтік серіктестік негізінде құрылады.
1.7. Кәсіподақ жеке дербес тұрғыда кәсіподақтар Федерациясы – республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады, республикалық және халықаралық кәсіподақтар қозғалысына қатысады, шетелдік кәсіби одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдармен қызметтестік жөніндегі келісім-шарт негізінде іскерлік байланыстар жасайды.
1.8.Кәсіподақ заңды тұлға болып табылады, кәсіподақтың жеке балансы, өзіндік атауы бар, банк мекемесіндегі ағымдық есеп шоты, соның ішінде валюталық есеп шоты, реквизиттері көрсетілген мөрі, мөртабаны болады.
2. КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН НЫСАНАЛАРЫ
2.1. Кәсіподақ өз мүшелерінің еңбек, кәсіби құқықтары, сондай-ақ басқада әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, олардың еркін түрде, тең дәрежедегі ынтымақтастықта қызмет ету негізінде құрылады, осыған сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Кәсіподақ қызметінің мақсаты: Кәсіподақ құқықтары мен олардың құрылымдарын жүзеге асыру, сонымен бірге, Осы Жарғыда қарастырылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіподақтың негізгі мақсаттары: мемлекеттік басқару органдарында, сот, мемлекетаралық, халықаралық органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда еңбек қатынастары, еңбек жағдайы және оның төлемақысы, денсаулықты қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мәселесі бойынша кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мақсат-мүдделері мен заңды құқықтарын қолдау және қорғау болып табылады.
2.2. Кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімдері мақсатына жету үшін:
– өз мүшелерінің құқықтарының іске асырылуы, еңбекке қатысты өз қабілетін еркін пайдалану, еңбекақысының лайықты тұрғыда бағалануы, еңбекақының инфляцияға сәйкес индексациялануын жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық жалақысы мен еңбекақы түрлері жүйесінің белгіленуіне қатысады;
– кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіреді, бағыттайды және бір жүйеге келтіреді;
– өз мүшелері, сондай-ақ мүшелік ұйымдардың мемлекеттік билік органдарында жұмыс берушінің алдында, даулы мәселелердің сотқа дейін шешілуі, сотта қарастырылуы барысында құқықтары мен мақсат мүдделерін білдіреді және қорғайды, прокуратура алдында прокурорлық бақылауға алынған нормативтік құқықтық заңнамалардың қайта қаралуын жүзеге асырады;
– мемлекеттік билік өкілдері мен жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізеді, салалық келісімдер, ұжымдық келісім-шарттар жасау барысында әлеуметтік әріптестік негізді көздейді, осы келісімдердің орындалу барысын қадағалайды;
– кәсіподақ мүшелерінің мақсат мүдделері мен құқықтары, құқықтық заңнамаларға қатысты мәселелерді жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға жүгінеді, олардың құқықтарына зиян тигізетін құқықтық заңнамалармен жойылуына қол жеткізеді;
– әлеуметтік-еңбек қатынастары, соның ішінде еңбекақы мен еңбек шарттарын белгілеу, бюджеттік және салықтық саясат, еңбекпен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру мәселелеріне қатысты заңнама жобалары, басқа да құқықтық актілердің қайта қаралуы жайында сәйкесті тұрғыдағы мемлекеттік органдарға ұсыныс жасайды, немесе оны әзірлеуге қатысады;
– Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңдарын бұзған, салалық келісімдер немесе ұжымдық келісім – шарттарға сәйкес қарастырылған міндеттемелерді орындамайтын азаматтарды жауапкершіліке тарту туралы мемлекеттік органдарға ұсыныс жасайды;
– жұмыс берушілердің еңбек, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңын орындайтындығына кәсіподақтық бақылау жүргізуді жүзеге асырады, өндірістегі қайғылы жағдайларды зерттеуге қатысады;
– ұжымдық еңбек дауларын реттестіруге қатысады;
– еңбек шарты бойынша өндірістік нысандарды аттестациялауға қатысады;
– жастар мәселелері бойынша саясатты әзірлеуге қатысады;
– медиация мәселесі бойынша кәсіподақ кадр мамандары мен белсенді мүшелерінің кәсібі біліктілігін арттыру, оқу, даярлау, қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастырады;
– өмір сүру деңгейі, отбасы бюджеті, инфляция, жұмыссыздық, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды анықтауға қатысты зерттеулер жүргізеді, осы мәселеге қатысты мемлекет саясатының әлеуметтілік бағыттылығына қол жеткізеді;
– ақпараттық және насихат жұмыстарын жүргізеді, кәсіподақ және оның органдарының қызметінің жариялалығын қамтамасыз етеді, басапгерлік немесе басқа қызмет түрін атқарады, банк, сақтандыру ұйымдары және өзара ынтымақтастық қорлары немесе басқа да қорларды құрады, Қазақстан Республикасының заңдары мен осы жарғы заңдарына қайшы келмейтін Кәсіподақтың мақсат міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған акциялар мен басқа да құнды қағаздарға ие болады;
– кәсіподақ мүшелеріне кәсіби даярлау және қайта даярлау, медициналық және зейнеткерлікті қамтамасыз етуді, шипажай–сауықтыру емделу мен демалысты ұйымдастыру мәселелеріне байланысты көмек көрсетеді;
– кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының арасында жаппай-мәдени, дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады және атқарады;
– өз мүшелері мен құрылымдық бөлімдерге ұйымдастырушылық, кеңестік, заң, құқықтық, материалдық, демеушілік жәрдем жасайды;
3. КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1.Кәсіподаққа мүше болу, кәсіподақ мүшелерінің жеке тұлға азаматтар екендігін, оның мүшелік ұйымдары – заңды тұлғалар – жергілікті кәсіподақ екендігін анықтайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының жергілікті басқару органдары, бюджеттік сала, коммерциялық ұйымдар және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдарының Жарғыны мойындайтын және мүшелік жарнаны төлейтін мемлекеттік, банктік мекемелер жүйесінің әр қызметкері және оқушы (студент) азаматтық қызметкер, жалдамалы жұмысшылар Кәсіподақ мүшесі бола алады.
3.2. Кәсіподаққа мүшелік ерікті болып табылады. Кәсіподаққа қабылдау және одан шығу тиесілі кәсіподақ ұйымына жазбаша түрде берілген жеке өтініш бойынша жеке тәртіпте жүргізіледі. Кәсіподаққа қабылдау және одан шығу туралы шешім өтініш, кәсіподақ жиналысында қабылданады. Кәсіподақ мүшелігіне қабылданған адамға белгіленген үлгідегі кәсіподақ билеті беріледі. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу негізгі жұмыс немесе оқу орнында есепке алу карточкасы бойынша бастапқы ұйымда жүзеге асырылады;
Кәсіподақтық жұмыс өтілімі кәсіподаққа мүшелікке өту туралы шешімді қабылдаған күннен және мүшелік жарнаны төлеген күннен бастап есепке алынады, сондай-ақ Кәсіподақ белгілеген жеңілдіктер барысында ескеріледі.
3.3. Кәсіподақ мүшесінің келесідей құқықтары бар: – Кәсіподақ және оның органдары тарапынан өзінің еңбек, кәсіби, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мақсат мүдделерінің мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер, сот және басқа органдар алдында қорғалуына құқықты;
– кез келген кәсіподақ бөлімшесі немесе ұйымына кеңес алу, арыз беру, ұсыныс жасауға және тиісті түрғыда жауап алуға құқықты;
– еңбек немесе басқа да даулы мәселелерді шешу барысында кәсіподақ органдары тарапынан жасалатын тегін түрдегі заңдық кеңесті алуға құқықты;
– Кәсіподақ қаржысынан қаржылай, демеушілік жәрдем алуға құқықты;
– кәсіподақ органдарына сайлау және сайлануға құқықты;
– Кәсіподақ қызметіне қатысу, Кәсіподақтың кез келген деңгейдегі қызметіне байланысты барша мәселені алға шығару және еркін түрде талқылау, сайлау
органдарының жұмысына баға беру, олардың қызметі туралы кез келген ақпарат алуға құқықты;
– әлеуметтік және экономикалық саясат мәселелері, ұйым, сала, аймақты дамыту бағдарламасы бойынша ұсыныс жасауға құқықты;
– Кәсіподақтың әлеуметтік және экономикалық, қаржылық және кадрлық саясат бағдарламаларын дамыту мәселелері бойынша ұсыныс жасауға құқықты;
– Салалық Кәсіподақтың келісім мен келісім-шарттары негізінде қарастырылған қосымша жеңілдіктер мен қаржылай демеуге ие болуға құқықты.
3.4. Кәсіподақ мүшесі міндетті:
– бастауыш ұйым және жоғары тұрған кәсіподақ ұйымдарының қабылдаған шешімдері және Жарғы талаптарын орындауға;
– ай сайын белгіленген тәртіп бойынша кәсіподақтық мүшелік жарнаны төлеуге;
-еңбек және ұжымдық келісім, келісім-шарттарда белгіленген міндетерді атқаруға;
– Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мақсат мүдделерін қорғауда ынтымақтастық білдіру, Кәсіподақтың ұжымдық іс әрекеттерін қолдауға;
3.5. Кәсіподақ тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдалану туралы құқықтан айыру туралы, Кәсіподақ қатарынан шығару жөніндегі шешімдерді Кәсіподаққа қабылдауға құқығы бар органдар мен одан жоғары тұрған Кәсіподақ органдары бастауыш ұйымға ақпарат беру арқылы жүзеге асырады.
Кәсіподақтың мүшесі осы жарғыдағы талаптарды орындамағаны, сондай-ақ Кәсіподақтың бірлігін бұзатын іс әрекеттер жасағаны үшін оған қатысты келесідей шаралар қолданылады: ескерту, сөгіс білдіру, Кәсіподақ тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айыру (6 ай мерзіміне дейін), Кәсіподақтан шығару шарасы жүзеге асырылады.
Жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айыру туралы шешім кәсіподақ мүшелерінің қатысумен жүзеге асырылады. Кәсіподақ мүшелерінің мәселесін қарастыруда себептен себепсіз келмей, қарсы болған жағдайда, ескертуден соң, бұл мәселе ол қатыстырылмай-ақ шешімін табады.
Жиналысқа қатысушы немесе сайлау органдарының екіден үш бөлігі дауыс берген жағдайда, немесе кворумның (кәсіподақ мүшелерінің жалпы санының 2/3бөлігі) болуы жағдайында бұл шешім қабылданған болып санлады.
3.6. Кәсіподақтан шығару келесідей жағдайда жүзеге асырылады:
– Кәсіподақ белгілеген тәртіп бойынша себептен себепсіз үш ай бойы мүшелік жарна төленбеген жағдайда;
– Осы жарғыда белгіленген талап шарттарды Кәсіподақ мүшесі жүйелі түрде орындамаса, оған қатысты бұрынырақ жазалау шаралары қолданылған жағдайда;
3.7. Кәсіподақ мүшесі Кәсіподақ ұсынған жеңілдіктерді пайдалану құқығынан айырылған соң немесе Кәсіподақ қатарынан шығарылған соң 3 ай ішінде осы шешімді жоғары дәрежелі Кәсіподақ ұйымдары немесе сотта қайта қарауға, шағымдану арызын беруге құқықты.
3.8. Кәсіподақ қатарынан шығарылған адам, тек 6 ай мерзім өткен соң ғана қайтадан Кәсіподақ мұшелігіне қабылданады.
3.9. Жұмыстан шығып қалып, немесе басқа жұмысқа ауысуға байланысты бастауыш ұйыммен байланысын жоғалтқан Кәсіподақ мүшесі осы бастауыш ұйымның есебінен шығарылады.
3.10.Себептен себепсіз үш ай бойы мүшелік жарнаны төлемеген кәсіподақ мүшесі (жасына байланысты зейнетке шыққан, мүгедектікке қатысты уақытша жұмыстан айырылған, штаттың қысқартылуы немесе ұйымның жойылуына байланысты жұмысынан айырылған кәсіподақ мүшелерін есепке алмағанда) қарызын өтеп болғанға дейін, Кәсіподақ тарапынан қорғалу құқығынан айырылады. Одан әрі оның Кәсіподақ қатарынан шығарылуы туралы мәселе шешімін табуы мүмкін.
3.11.Кәсіподақ қатарынан шыққан немесе шығарылған адам Кәсіподақтың қорғалу құқығы мен кәсіподақ меншігін пайдалану құғынан айырылады.
Кәсіподаққа мүшелік жарнасы ретінде төленген қаражат сомасы оған қайтарылмайды.
3.12. Кәсіподақ қызметіне белсенді тұрғыда қатысқаны үшін Кәсіподақ мүшелері келесідей марапаттарға ие бола алады:
-құрметті атақтар және Кәсіподақтың төс белгісімен;
– алғыс жариялаумен;
– Кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімшелерінің сайлау органдарының мақтау қағаздарымен;
– ақшалай сыйақылар, құнды заттармен;
– демалыс үйлері, шипажайлық-сауықтыру емделу орындарына жолдама алу, туристік жолдамалармен.
4. КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1.Кәсіподақ өндірістік – салалық белгісі бойынша ұйымдастырылады, оның ұйымдары мен сайлау органдары өз қызметінде демократиялық шарттарға сүйенеді, ал бұл:
-салалық кәсіподақ бірлігін білдіреді.
-кәсіподаққа өз еркімен кіру және оның қатарынан еркін түрде шығу;
-барша кәсіподақ органдарының төменнен жоғарыға дейін сайлауға қатыса алуы және олардың жыл сайын кәсіподақ мүшелері мен жоғары тұрған органдарға есеп беруі;
-бүкіл ұйымдар мен олардың сайлау органдарының жұмысындағы әріптестік және қабылданған қаулылар мен кәсіподақ тапсырмаларына қатысты тікелей тұрғыдағы жауапкершілігі;
-ішкі кәсіподақтық тәртіптің сақталуы және азшылықтың көпшілікке бағынуы;
-кәсіподақтың жоғары дәрежелі органдарының шешімдерін төменгі сатыдағы кәсіподақ ұйымдары мен Кәсіподақ мүшелері және оның мүшелік ұйымдарының орындау міндеттілігі;
-кәсіподақтың жоғары дәрежелі органдары мен ұйымдарының Кәсіподақ Жарғысының бұзылуына қатысты қабылданған жоғары дәрежелі кәсіподақтардың шешімдерің күшін жоюы, тоқтатуы;
-кәсіподақтың мақсат міндеттерін жүзеге асырудағы өзара жәрдемдестік, ынтымақтастық және іс әрекеттер бірлігі. Қажет болған жағдайда басқа салалық және шетелдегі туыстық қатынасы бар кәсіподақтарға рухани, қаржылай жәрдем жасау;
-оқыту, кәсіподақ кадр мамандары мен белсенділерінің сапа біліктілігін арттыру, кадрлық қосалқы мамандарды сапалы дайындаудаға негізделген қаржылық саясат, кадр маман саясаты бірлігі.
4.2. Кәсіподақ тығыз байланыста болады өзінің күнделікті тәжірибе қызметінде кәсіподақтардың аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен (облыс, қала, астана, республикалық деңгейде), яғни тығыз қарым-қатынас жасайды:
– Кәсіподақтардың бастауыш ұйымдары, жергілікті кәсіподақтар, Кәсіподақ құрамындағы кәсіподақтарға кіретін, ұжымдық келісімдерді атқару, ұжымдық келісімдер мен ұжымдық келіссөздерді бекіту, еңбек даулары мен қайшылықтарды реттеуге атсалысады;
– сәйкесті аймақта бірегей заңды кеңестер кәсіподақтық инспекциялар ұйымдастыруға күш салады, ынтымақтастық және жұмыссыздарға көмек көрсету қорларының құрылуына ықпал етеді;
– бастауыш ұйымдардың құрылуы, кәсіподақ ықпалының күшеюі, салалық және аймақтық дамытудағы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жүзеге асыру, Федерация органдарының шешімдері, басқа да жалпы федеративтік іс-шаралардың орындалуына бағытталған іс- шараларды жүзеге асырады;
– кәсіби одақтар мен кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мақсат мүдделерін қорғауға қатысты бірегей ортақ акцияларды (іс-шаралар) жүзеге асырады.
4.3. Салалық кәсіподақтың филиал және жергілікті кәсіподақ өкілдері аумақтық кәсіподақтардың бірлестік өкілдіктері Кеңесінің құрамына енеді;
– филиалдар, жергілікті кәсіподақтар аумақтық кәсіподақтардың бірлестігіне ақпарат, анықтама, статистикалық мәліметтер тапсырып отыруы тиісті.
5. КӘСІПОДАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ. КӘСІПОДАҚ ОРГАНДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
5.1. Кәсіподақ ұйымдары салалық тәртіп бойынша құрылады. Кәсіподақ құрылымына осы Жарғы және осы Жарғыда көзделген тәртіп бойынша бекітілген шарттар туралы Ережелерге сәйкес – заңды тұлғаның құқығынсыз қызмет атқаратын бастауыш, аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдары, филиалдары және өкілдіктері енеді. Жергілікті кәсіподақтар мүшелік ұйым ретінде кәсіподақ құрамына еніп, Кәсіподақтың Жарғысымен, бекітілген Ережесімен қызмет атқарады.
Облыстық және онымен теңдес ұйымдар (Семей қаласы кәсіподағының аумақтық филиалы, Жезқазған қаласының аумақтық филиалы, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті филиалдары) Салалық Кәсіподақтың қоғамдық бірлестігі ретіндегі құқықты филиалы ретінде қызмет атқарады. Бастауыш, аудандық, қалалық ұйымдар филиалдардың құрылымдық бөлімдері болып табылады.
5.2.Кәсіподақ ұйымдарының құрылымын Кәсіподақ әзірлейді және жоғары дәрежелі органның Съезі немесе Пленумында бекітіледі.
5.3.Кәсіподақтағы жоғары дәрежелі басқару органдары болып табылатындары: бастауыш, аудандық, бірлескен, филиалдық, жергілікті кәсіподақтардың Салалық Кәсіподағы Съезіне белгіленген кәсіподақ жиналысы немесе конференциясы болып табылады.
5.4.Жиналыс, конференция, Съезд, өз жұмыстарына кәсіподақ мүшелерінің жартысына көбі немесе делегаттардың екіден үш бөлігі қатысқанда заңды болып табылады.
5.5. Жиналыс, конференция, съездердің шешімдері жиналысқа қатысушы, конференция, съезд делегаттары, яғни көпшіліктің дауыс беруі, немесе кворумның болуы арқылы қабылданады.
5.6. Кәсіподақ жиналыстары қажеттілігіне қарай кем дегенде жылына екі рет өткізіледі. Кәсіподақтық жиналыс өткізуге мүмкіндігі жоқ бастауыш ұйымдарда құрылымдық бөлімшелерінде конференция немесе жиналыс өткізіледі.
Салалық Кәсіподақтың филиалдарының, жергілікті кәсіподақтарының конференциялары қажеттілігіне қарай ұйымдастырылады, кем дегенде 5 жылда 1 рет өткізілуі тиіс.
5.7. Кәсіподақтық жиналыс, конференцияның өткізілуі туралы шешімді сәйкесті тұрғыдағы кәсіподақ органы өз қалауы бойынша қабылдайды, немесе кәсіподақ ұйымы мүшелерінің үштен бір бөлігінің талабы, немесе жоғары дәрежелі кәсіподақ ұйымының ұсыныс бойынша қабылданып, күн тәртібіне сәйкес жарияланады, жиналыс – 15 күн бұрын, конференция – өткізілгенге дейін 1 ай бұрын мерзімде хабарланады.
5.8.Конференция, съезге делегаттарды сайлау тәртібі мен өкілдік талаптарын сәйкесті тұрғыдағы кәсіподақтық ұйымдар белгілейді.
Конференция және съезд делегаттарының міндеттемелерін растау үшін делегаттар арасынан мандаттық комиссия тағайындалады.
Сайлаушы органдардың төрағалары сәйкесті түрдегі кәсіподақ жиналыс, конференция, съездері жұмыстарына лауазымы бойынша делегат ретінде қатысады.
5.9. Ағымдық жұмысты атқару үшін кәсіподақ ұйымдарында Кәсіподақтық жиналыс, конференция, съездерде арнайы кәсіподақтық органдар тағайындалады.
Кәсіподақтың кем дегенде 10 мүшесі бастауыш ұйымның Төрағасын сайлайды;
-профком – бастауыш ұйымдағы – кәсіподақтың 10 немесе одан да көп мүшесін біріктіретін кәсіподақ (кәсіподақ комитеті), кәсіподақтың 150 мүшесін біріктіретін аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдары, кәсіподақтың филиалдары.
5.10. Мүшелік ұйым ретінде кәсіподақ құрамына Кәсіподақты Жарғысын мойындайтын және орындайтын жергілікті кәсіподақтар енеді.
Жергілікті кәсіподақтың Салалық Кәсіподақ құрамына енуі жергілікті кәсіподақтың Салалық Кәсіподаққа хат жазуы арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіподақ құрамына енгісі келген жергілікті кәсіподақтың келесідей құжаттары болуы тиіс:
хат күйіндегі өтініші;
сайлау органының шешімі, құрылтайшылық құжаттар (кәсіподақ жарғысы, тіркелу туралы куәліктің көшірмесі, т.т.);
жергілікті кәсіподақ мүшелері саны жайында статистикалық мәліметтер;
сайлау органының мекенжайы туралы мәліметтер;
кәсіподақ жарғысын және мүшелік жарнаны төлеуді мойындау туралы өтініш;
Салалық Кәсіподақ құрамына өткен күннен бастап жергілікті кәсіподақ Кәсіподақ Жарғысында белгіленген тәртіп бойынша мүшелік жарна төлейді.
5.11.Салалық Кәсіподақтың Орталық Комитеті, Бақылау-ревизиялық комиссиясы Кәсіподақтын Съезінде сайланады.
Кәсіподақ мүшелерінің саны 15 адамнан асқан ұйымдарда арнайы ревизиялық-тексеру комиссиялары тағайындалады. Олардың қызметі Кәсіподақ съезінде бекітілген, кәсіподақтың ревизиялық-тексеру комиссиялары туралы Ережеге сәйкес белгіленеді.
5.12. Ұйымдарда сайлау органдары олардың міндеттемелік мерзімдеріне сәйкес тағайындалады, сәйкесті түрдегі осы органдардың мүшелерінің ішінен мандаттық комиссия белгіленеді. Комиссиялар Кәсіподақ съезі, конференциясы делегаттары мен осы ұйымдардың сайлау органдары мүшелерінің міндеттемелерін текесеруді жүзеге асырады.
Сайлаушылық кәсіподақ ұйымында тек кәсіподақ мүшесі ғана сайланады.
5.13.Бастауыш ұйымдардағы Кәсіподақ ұйымдарының сайлауы аудандық, қалалық, филиалдық, жергілікті кәсіподақтарда әрбір 2,5 жыл сайын және Салалық Кәсіподақта кем дегенде 5 жылда 1 рет өткізіледі. Жыл сайын сайлау органдары өзінің жұмысы жайында сәйкесті тұрғыдағы кәсіподақтық ұйымдарға есеп береді.
Кәсіподақтардың есеп-беру сайлау жиналыстарының (конференциялары) тәртібі мен өткізілу уақыты, жергілікті кәсіподақтардың сайлау органдары, Салалық Кәсіподақ Съезінде Кәсіподақтың Орталық комитеті арқылы белгіленеді.
5.14. Кәсіподақтық органдар жиналыс, конференция, съезде тікелей түрде осы филиалда біріккен ұйым өкілдерінің сайлауы арқылы қалыптасады, сондай-ақ қайта шақырылып, ауыстырылу құқығын иемденеді. Тікелей тұрғыда сайланған делегаттар конференция немесе съезде тағайындалады.
Сайлау органдарының сайлану тәртібін сәйкесті тұрғыдағы кәсіби одақ анықтайды. Салалық кәсіподақтың жиналысы немесе, конференциясы, съезі ұсыныс жасап, дауыс берудің үлгісін (құпия, ашық) айқындайды.
5.15.Кәсіподақ мүшелері – жиналысқа қатысушылар, конференция немесе съезд делегаттары немесе кәсіподақ мүшелерінің жартыдан көп дауысын жинаған үміткерлер сайланған болып табылады.
5.16. Орталық комитет, филиал, жергілікті кәсіподақ, қалалық, аудандық ұйымдардың – Президиумдық отырыстары кем дегенде үш айда бір рет өткізіледі.
Бастауыш кәсіподақ ұйымында – айына бір рет.
Орталық комитет, филиал, жергілікті кәсіподақ, қалалық, аудандық ұйымдар – Пленум отырысын кем дегенде жылына бір рет өткізеді.
5.17. Сайлау органы мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан кәсіподақ комитетінің президум отырыстары, ревизиялық немесе мандаттық комиссия мәжілістері ғана заңды болып табылады.
5.18.Жиналысқа қатысқандардың жартысынан көбі дауыс берсе, онда Кәсіподақтың шығарған шешімдері қабылданған болып есептеледі.
6. КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫ
6.1. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы кем дегенде үш мүшесінің қатысуы арқылы құрылады.
6.2. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы филиал, жергілікті кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, негізгі жұмыс орны мен оқу орнына қарай құрылады. Бастауыш ұйым филиал, жергілікті кәсіподақ құрылымының ішкі құрылымына енеді, заң орындарында әділет басқармасында есептік тіркеуге алынбайды. Өз қызметін Жарғыға байланысты жүргізіп, Кәсіподақ Съезінде бекітілген бастауыш кәсіподақтық ұйым туралы Ережеге сүйенеді.
6.3.Бастауыш ұйымның жиналысы қажеттілікке қарай кем дегенде жылына екі рет өткізіледі. Жиналыстың уақыты, күн тәртібі және оның өткізілуі жөнінде кәсіподақ мүшелері белгіленген мерзімге дейін екі апта бұрын білуі тиіс.
Кезектен тыс жиналысты өз қалауы бойынша кәсіподақ комитеті, немесе ұйымның үштен бір бөлігінің ұйғарымы, жоғары дәрежелі ұйымның шешімі бойынша шақырады, Жиналыстың уақыты, күн тәртібі және оның өткізілуі жөнінде кәсіподақ мүшелері белгіленген мерзімге дейін бір апта бұрын білуі тиіс.
Жиналыстың жұмысы құқықты болып табылады, егер оның жұмысына мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды деп есептеледі.
6.4.Жиналыс бастауыш ұйымына қатысты кез келген мәселені шешуге құқықты. Жиналыстың құзыретіне қарайды:
– бастауыш ұйым қызметінің негізгі бағыттарының анықтамасы;
– кәсіподақ комитеті, ревизиялық-тксеру комиссиясы; кәсіподақ комитетінің күнделікті комиссиясының жұмысы туралы тыңдалымы және есеп беруін талқылауы;
– бастауыш ұйым, кәсіподақ комитеті мен ревизиялық-тексеру комиссиясының төрағасының сайлануы;
– кәсіподақ комитетінің ұжымдық келісімді орындағаны туралы жұмыс беруші немесе оның өкілдері сөзінің тыңдалуы;
6.5.Ағымдағы қалыпты жұмысты жүргізу үшіні бастауыш ұйымға сайланатындар:
– ұйымда кем дегенде кәсіподақтың 10 мүшесі – кәсіподақ комитетінің төрағасы;
– кәсіподақтың 10 және одан да көп мүшесін біріктіретін ұйым – төраға басқаратын кәсіподақ комитеті;
– құрамында кәсіподақтың 400 мүшесінен астам азаматтары бар бастауыш ұйымдарда сәйкесті филиалдың шешімі бойынша кәсіподақтың бастауыш ұйымының босатылған төрағасы қызметі енгізілуі мүмкін, ол өз қызметін Салалық Кәсіподақ жарғысына сәйкес жүргізеді, өз қызметін салалық Кәсіподақтың Жарғысы мен Кәсіподақтың бекіткен Ережеге сәйкес жүргізеді.
Бастауыш ұйым өз қызметін салалық Салалық Кәсіподақтың Жарғысы мен Кәсіподақ Съезінің бекіткен Ережеге сәйкес жүргізеді.
6.6. Кәсіподақ комитетінің мәжілістері қажеттілігіне қарай үш айда бір рет өткізіледі.
Кәсіподақ комитеті бастауыш ұйымның барша қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешім шығарады, тек жиналыстың құзырындағы мәселелер бойынша жоғары дәрежелі органдар мен Салалық Кәсіподаққа есеп беруге тиісті.
6.7.Облыстық орталықтан алыс аудандарда орналасқан бастауыш ұйымның өзіндік белгілі бір үлгідегі есеп шоты, мөрі және мөртабаны болуы керек, олар филиалдық, жергілікті кәсіподақтың есепке алу құжаттарына негізделуі тиіс.
6.8. Заңды тұлғаны тарату (кәсіпорын, мекеме) барысында, сондай-ақ жекеменшігін ауыстыру кезінде кәсіподақтың бастауыш ұйымы бұрынырақ қызмет атқарған бастауыш ұйымның мұрагері болып табылады, яғни мүліктік және басқада міндеттер мен құқық талаптар кәсіподақ мүшелері алдында оларға жүктеледі.
6.9. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы бастауыш ұйымның тікелей құзырлы өкілі болып табылады және келесідей құқықтары бар:
– кәсіподақ комитеті немесе жиналысқа (конференция) қатысы жоқ мәселелерді жедел түрде өз қалауы бойынша шеше алады;
– күнделікті мәселелерді шешу және кәсіподақ комитеті мен жиналыстардың шешімдерін дайындау мақсатында уақытша комиссия, мен жұмыс тобын құрады, кәсіподақ комитетінің жұмысына сарапшы, маман, кәсіподақ белсенділерін шақыра алады;
– кәсіподақ комитетінің мәжілістерін шақырып, жүргізеді, қабылданған шешімдер мен мәжілістердің хаттамаларына қол қоя алады;
– кәсіподақтың штаттық қызметкерлерінің жұмысын басқарады;
– кәсіподақ мүшелері атынан және мекеме қызметкерлері атынан ұжымдық шарт жасай алады;
– қаржылық операциялар жүргізіп, кәсіподақпен келісе отырып, басқа да іс- шараларды атқара алады;
– таңдаулы белсенділердің оқуларын ұйымдастырады;
– кәсіподақ мүшелерінң келісімі бойынша, олардың жеке арызымен, әкімшілікпен келісу негізінде кәсіподақтық мүшелік жарналардың ақшалай емес төленуін және кәсіподақ, филиал, өкілдіктің есеп шотына Салалық Кәсіподақ Жарғысында бекітілген көлемде қаржы аудара алады;
– филиал, жергілікті кәсіподаққа кәсіподақтың жарналық есептерін өз уақытында өткізілуіне тікелей түрде жауапкершілік атқарады;
6.10. Аудандық, қалалық ұйымдар – филиалдын, жергілікті кәсіподақ құрылымдық бөлімдері болып табылады, олар яғни заңды түрде құқығы жоқ бір аудан шеңберінде жұмыс істейтін бес бастауыш ұйымды біріктіретін ұйым болып табылады.
Аудандық, қалалық ұйымның Жоғары Органы конференция болып табылады, ол 5 жылда бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда Салалық Кәсіподақ Жарғысына сәйкес кезектен тыс конференция шақырылады. Аудандық, қалалық ұйымның атқарушы органы ретінде конференциялар қарсаңында кәсіподақ комитеті басшылық атқарады, оны конференция тағайындайды, немесе ол біріккен ұйымдардың тікелей өкілі ретінде қалыптасады.
Кәсіподақ комитеті (пленум) мәжілістері қажетіне қарай кем дегенде жылына бір рет өткізіледі.
Күнделікті мәселелерді шешу үшін кәсіподақ комитетінің мәжілістері барысында кәсіподақтың президиум комитеті тағайындалады. Президиумның мәжілістері қажетіне қарай, үш айда бір рет өткізіледі, жиналысқа кәсіподақ мүшелерінің жартысы қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады.
Кәсіподақтың аудандық, қалалық комитетінің төрағасы оған конференция, кәсіподақ президиум комитеті бекіткен міндеттер аясында ғана өз қызметін атқара алады. Кәсіподақтың аудандық, қалалық ұйымының ревизиялық-тексеру комиссиясы 5 жыл мерзімге бекітіліп, өз қызметін Кәсіподақ Жарғысы және Кәсіподақтың ревизиялық-тексеру комиссиялары туралы Ережеге сәйкес атқарады.
Комиссия төрағасы комиссия мәжілісінде тағайындалады. Комиссия мәжілістері кем дегенде жылына бір рет өткізіледі.
6.11. Кәсіподақ филиалдары (облыстық, Семей қаласының аумақтық филиалы, Жезқазған қаласының аумақтық филиалы, Астана және Алматы кәсіподақтарының қалалық филиалдары)
6.11.1. Кәсіподақ филиалы « Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» қоғамдық бірлестігі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бір облыс аумағында қызмет атқаратын кем дегенде онға жуық бастауыш ұйымдардың қатысуымен құрылтайшылық конференцияда құрылады. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары, кәсіподақ комитетінің аудандық, қалалық ұйымдары оның ішкі құрылымдары болып табылады. Құрылтайшылық конференция хаттамасы өткізілген соң 10 күн ішінде есепке қойылу үшін Кәсіподақтың орталық комитетіне жіберіледі.
Филиалдың жеке дербес балансы, банкілік есеп шоты, БИН, статистикалық картасы болуы тиіс, ол жеке дербес салық төлеуші ретінде өзінің мекен жайына қарай Қазақстан Республикасының Салықтық заңдарына сәйкесті есеп береді. Заңды тұлға болып табылмайды, юстицияның аймақтық органында есепке алу тіркелуінен өтеді.
Өзінің қызметін Салалық Кәсіподақ Жарғысы және филиал туралы Ережеге сәйкес жүргізеді.
6.11.2.Кәсіподақ филиалының жоғары органы болып конференция табылады, ол сайлау органының қалауы бойынша немесе бастауыш ұйымдардың мүшелерінің үштен бірінің ұйғарымы, немесе өткізілгенге дейін бір ай бұрын Салалық Кәсіподақтың шешімі бойынша 5 жылда 1 рет шақырылады.
Конференцияның өткізілу мерзімі, күні және орны, өкілдік заңдылықтары, конференцияға делегаттар сайлау тәртібін филиал президиумы бекітеді.
Кезектен тыс конференция филиалдың сайлау органының қалауы, бастауыш ұйымдардың мүшелерінің үштен бірінің ұйғарымы, немесе өткізілгенге дейін екі апта бұрын Салалық Кәсіподақтың шешімі бойынша шақырылады.
6.11.3. Конференция кезеңдері барысында Кәсіподақтың басқарушы органы қызметін филиал төрағасы басқаратын филиал комитеті атқарады. Комитет мәжілістері (пленум) қажетіне қарай, кем дегенде жылына бір рет өткізіледі, оның жарты мүшелері қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады.
6.11.4. Кәсіподақ филиалы конференциясы:
– филиал мен ревизиялық-тексеруші комиссияның есептерін тыңдайды;
– филиал қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды;
– филиал комитетін тікелей түрдегі сайлау жолы арқылы қалыптастырады;
– Салалық Кәсіподақ ұсынысы бойынша филиал комитеті мүшелері арасынан филиал төрағасын тағайындайды;
– ревизиялық-тексеру комиссиясының мүшелерін тағайындайды;
– филиалдар туралы Ережеге сәйкес өзгертулер мен толықтыруларды есепке алмағанда, филиал жұмысына қатысты кез келген мәселені шеше алады.
6.11.5. Филиал комитеті өз жұмысын Кәсіподақ алдында тұрған мақсат міндеттерді есепке ала отырып, ұйымдастырады, сондай-ақ:
– бастауыш ұйымдардың қызметін бағыттайды, оларға іс жүзінде көмк беріп, қолдау көрсетеді, сәйкесті түрдегі мемлекет және сот органдарында, жұмыс берушілер алдында олардың мақсат мүдделерін қорғайды;
– президиумды тағайындайды;
– міндеттердің уақытынан бұрын тоқтатылуына байланысты филиал төрағасының сайлануын өткізеді;
– конференция құзырындағы мәселелерді есепке алмағанда, филиалдың жарғылық қызметі мен оған ентені бастауыш ұйымдарға байланысты басқада мәселелерді шешеді;
– жұмыс берушілер және олардың бірлестіктері, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және басқа ұйымдармен өз деңгейінде келісімдер жасайды;
– Филиал комитеті Кәсіподақ филиалы мен Салалық Кәсіподаққа ғана тікелей есеп береді;
6.11.6.Ағымдағы жұмыстарды атқару үшін филиал президиумы тағайындалады, оның мәжілістері кем дегенде үш айда бір рет өткізіледі.
6.12. Филиал президиумы:
– кәсіподақтың басқарушылық органдары, конференция және филиал мәжілістері, өз шешімдерін жүзеге асыру мақсатында нақты қызметтер атқарады, олардың орындалуын бақылайды;
– филиал төрағасының ұсынысы бойынша оның орынбасарын тағайындайды;
– жұмыс берушілер немесе олардың өкілдерімен келісім-шарттардың негізгі ережелерін анықтайды;
– мемлекеттік органдар және жұмыс берушілермен келіссөз жүргізу үшін өз өкілдерін сайлап тағайындайды;
– жарғылық мақсаттарға сәйкес міндеттер аясында аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің өткізетін шараларға қатысады;
– бастауыш ұйымдардың Кәсіподақ жарғысын және жоғары дәрежелі органдардың шешімдерін қаншалықты орындайтынына қатысты қызметін бағыттайды және бақылайды;
– Кәсіподақ Жарғысына және Кәсіподақтың әріптестік органдарының шешімдеріне қайшы келетін төмен сатыдағы кәсіподақтардың ұйғарымдарын тоқтатады, кәсіподақ мүшелеріне осы шешімдері жайлы ақпарат береді;
– Жарғыны орындамағаны және кәсіподақ шешімдерін жүзеге асырмағаны үшін бастауыш ұйым төрағасының тікелей жеке жауапкершілігі жайындағы мәселені қарастырады, ал Кәсіподақ Жарғысын өрескел тұрғыда бұзған жағдайда оның уақытынан бұрын қызметінен босатылуы немесе кәсіподақ комитетінің барша құрамын қайтадан сайлау туралы мәселе көтерді;
-кәсіподақ кадр мамандары мен белсенділерінің оқуын ұйымдастырады және жүргізеді, зерттеулер жасап, жұмыс тәжірибесімен бөліседі;
-филиалға пайдалануға берілген Кәсіподақ мүліктері мен қаржысын пайдаланады;
-кәсіподақтың филиал, аудан, қалалық және бастауыш ұйымдарының есеп шоттық сметасын бекітеді, сонымен бірге филиал аппараты штат қызметкерлерінің санын бекітеді;
– кәсіподақ комитеті төрағасының тағайындалуы жөнінде бастауыш, аудан және қалалық ұйымдардың шешемідерін негіздейді. Қажет болған жағдайда басқа үміткерлердің сайлануы жайында қайта сайлау науқанын өткізу туралы шешім шығарады:
– конференция құзырындағы мәселелерден басқа, филиалдың кез келген мәселелеріне қатысты шешімдер шығарады;
– президиум мәжілістері қажетіне қарай, үш айда бір рет өткізіледі, оған мүшелерінің жартысы қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады.
– Өз жұмысы бойынша тікелей түрде конференция, филиал пленумы, Салалық Кәсіподаққа есеп береді.
6.12.1.Кәсіподақ филиалының қызметі Салалық Кәсіподақ Жарғысында қарастырылған тәртіп бойынша тоқтатылады.
6.12.2.Кәсіподақ филиалының төрағасы:
– Салалық Кәсіподақтың сенімхаты арқылы негізінде қызмет атқарады, материалды -қаржылық жауапкершілгі бар тұлға болып табылады;
– филиал қызметіне басшылық жасайды, Пленум мен филиал президиумының құзырына қатысты емес мәселелерді шұғыл түрде шешеді;
– филиал аппаратының штаттық қызметкерлерінің қызметін басқарады, қолданыстағы заңға сәйкес олармен жұмыстық келісім-шартқа отырып, оны тоқтата алады;
– сенімхат негізінде жұмыс берушілер және олардың бірлестіктері, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақ бірлестіктері және басқа да ұйымдармен келісім-шарт жасайды, одан әрі филиал мәжілісі, филиал президиумында бұл келісім-шарттарды бекітеді;
– Пленум және филиал президиумы, Кәсіподақтың жоғары дәрежелі ұйымдары бекіткен міндеттемелер құзыры негізінде қаржылық және ақшалай қызмет атқара алады;
– жарғылық міндеттердің атқарылуы байланысты тікелей түрде жауапкершілік артады;
– лауазымына қарай комитет және филиал президиумын басқарады;
– филиал президиумының атынан кәсіподақтың қызметінен шығарылған жұмысшылармен келісім-шарт жасап, оны тоқтатады;
– өзіне филиал комитеті және пленум, Салалық Кәсіподақ тапсырған басқада міндеттерді атқарады.
7. Кәсіподақтың басшылық органдары
7.1.Кәсіподақтың Жоғары органы болып съезд табылады, оны Салалық Кәсіподақтың Орталық комитеті кем дегенде 5 жылда бір рет шақырады. Съездің өткізілу мерзімі, күні және орны, өкілдік заңдылықтары, съезге делегаттар сайлау тәртібін Пленум съезд басталғанға дейін екі ай бұрын бекітеді.
Кәсіподақтың Орталық Басқарушы органы – Съезд – ол жоғары басқарушы орган; Кәсіподақтың Орталық Комитеті – басқарушы сайлаушы әріптестік орган; Орталық комитет президиумы – күнделікті қызмет атқаратын сайлаушы әріптестік орган, Кәсіподақ төрағасы.
Кәсіподақтың бақылау – ревизиялық комиссиясы Салалық Кәсіподақтың бақылау – ревизиялық тексеруші органы болып табылады.
Салалық Кәсіподақтың шешімі немесе Кәсіподақ құрамындағы ұйымдардың жартысының талабы бойынша өткізілгенге дейін бір ай уакыт бұрын кезектен тыс съезд шақырылады,
Сайланған делегаттардың үштен екісі қатысқан жағдайда өткізілген съезд заңды болып табылады.
7.2. Кәсіподақ Съезі:
– Кәсіподақтың қызметі және Кәсіподақтың бақылау-ревизиялық комиссиясы қызметі туралы есептерді тыңдайды және талқылайды, олардың жұмысына баға береді, арнайы шешімдер қабылдап, кезекті міндеттерді және Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша шараларды анықтайды;
– Кәсіподақтың Жарғысы, кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелері және кәсіподақтың бақылау-ревизиялық комсиссиясы жайында Ережелерді белгілейді, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
-Кәсіподақтың Орталық комитетінің мүшелерін тағайындайды, тікелей түрде делегат болып сайланған жағдайдағы Комитетің қалыптасуына орай олардың құзырындағы міндеттерді анықтайды;
– Кәсіподақ төрағасын тағайындайды (әдеттегідей, жаңа басшыны Кәсіподақтың Орталық Комитет тағайындаған қосалқы құрамнан) және Кәсіподақ төрағасы ұсынысы бойынша төрағаның орынбасарын анықтайды,Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін сайлайды.
– Кәсіподақтағы мүшелік жарналардың міндетті түрдегі қаржылай үлестірілуі мен бөлінуі туралы Ережені белгілейді;
– Кәсіподақ қызметінің тоқтатылуы жайында шешім қабылдайды;
– Заң актілерінде белгіленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құруы немесе олардың қызметіне қатысуы мүмкін;
– Кәсіподақ қызметіне қатысты басқа да шешімдер қабылдай алады;
7.3. Съездер арасындағы мерзімде Кәсіподақтың басқарушы органы – Кәсіподақ төрағасы басқаратын Кәсіподақтың Орталық комитеті болып табылады. Кәсіподақтың Орталық комитетінің мәжілістері қажетіне қарай жылына бір рет өткізіледі, олардың құрамына сайланған делегаттардың жартысы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
7.4.Салалық кәсіподақтың Орталық комитеті:
– съезд шешімдері мен Кәсіподақтың жарғылық міндеттерін ұйымдастырады және бақылайды;
– кәсіподақтың құқықтары мен мақсат мүдделерін мемлекеттік, сот органдары, шаруашылық және қоғамдық ұйымдарды қорғайды;
– кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағыттайды, оларға ұйымдастырушылық, әдістемелік, кеңестік және құқықтық көмек көрсетеді, кадр мамандық жән қаржы саясатын жүргізеді;
– кәсіподақ Съезі алдында өз қызметі жайында есеп береді;
– кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімшелерінің Кәсіподақ Жарғылары мен қабылданған шешімдерді орындағандары жайлы есептерін тыңдайды;
– кәсіподақ төрағасы лауазымына үміткерлердің сайлану тәртібін анықтайды;
– кәсіподақ президиумын тағайындайды, есептерін тыңдап, арнайы шешімдер шығарады;
– кәсіподақ Төрағасының уақытына бұрын қызметінен кеткен жағдайда, оның сайлану науқанын өткізеді;
– өз өкілдерін сайлап, оларды кәсіподақтар бірлестігі құрамына (Қазақстан кәсіподақтар Федерациясы, Жалпы Ортақ кәсіподақтар конфедерациясы) өз делегаттарын тағайындайды;
– кәсіподақ Орталық комитет мүшелерінің қайта шақырылған, немесе ауыстырылған жағдайдағы міндеттерін анықтайды;
– кәсіподақтағы есеп беру және сайлауларды өткізу жайындағы мерзімдері мен тәртібін белгілейді;
– кәсіподақтың күнделікті қызмет атқаратын комиссиясы туралы Ережені қабылдайды;
– өзіне кәсіподақ Съезі тарапынан белгіленген басқада міндеттерді атқарады;
7.5. Ұдайы тұрғыдағы жедел және ағымдағы жұмыстарды жедел түрде атқару үшін Кәсіподақтың Орталық комитеті Президиум тағайындайды, оның құрамына Кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары, президиум мүшелері енеді. Президиум мәжілістері қажетіне қарай кем дегенде жылына төрт рет өткізіледі, президиумға сайланған мүшелердің жартысы қатысқан жағдайда ғана бұл мәжілістер заңды болып табылады.
7.6. Президиум (Кәсіподақтың ұдайы қызмет атқаратын атқарушы әріптестік органы)
– кәсіподақтың Орталық комитетінің мәжілістерін шақырады, күн тәртібін және оның өткізілу орнын белгілейді;
– салалық Кәсіподақ және Съезд шешімдерінің орындалуын бақылайды;
– салалық келісімдердің негізгі ережелерін белгілейді және олардың орындалуын қадағалайды;
– кәсіподақ кадр мамандары мен белсенділерінің оқуын және білім алуын ұйымдастырады, өзінің кәсіподақтық тәжірбесін насихаттайды;
– кәсіподақ аппаратының құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді, Төрағаның ұсынысы бойынша аппараттың құрылымдық басшыларын тағайындайды;
– жергілікті кәсіподақтың мүше ұйым ретінде Салалық Кәсіподақ құрамына өтуі жайында шешім шығарады;
– кәсіподақ ұйымдарына құрылымдық бөлімшелері тапсыратын статистикалық мәліметтер тізбегін анықтайды;
– кәсіподақтың Орталық Комитеті белгілеген міндеттемелік тәртіп аясында Кәсіподақтың мүліктері мен қаржысын иеленеді;
– кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерге қатысты марапаттау және жазалау туралы шешімдерді қабылдайды;
– кәсіподақтың Орталық комитетінің табыстар мен шығындар смета тізбегін белгілейді, Кәсіподақтың мүліктерін басқару, иелену жөніндегі заңнамалық сипаттағы шешімдер шығарады;
– еңбекақыны төлеу, Кәсіподақтың төрағасы мен орынбасарының лауазымдық жалақыларының төлену тәртібін анықтап белгілейді, кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің штаттық жұмысшыларының еңбекақысын төлу туралы ұсыныстарды бекітеді;
– кәсіподақтың жарғылық, қаржылық қызметін тексеру туралы шешімдер қабылдайды, заң бұзушылықтар орын алған жағдайда, мәселе толық анықталғанға дейін, олардың банктік есеп операцияларын тоқтатады;
– жарғы және кәсіподақтың әріптестік органдарының шешімдеріне қайшы келетін төменгі сатыдағы кәсіподақ ұйымдарының шешімдерін тоқтатады, бұл жайында Кәсіподақ мүшелеріне хабар береді;
– кәсіподақтағы бірегей кадрлық саясаты үйлестіреді, соның ішінде кәсіподақ кадр мамандарын таңдау, үйрету және оқыту, Кәсіподақтағы басқарушылық қызметке қосалқы мамандарды дайындауды ұйымдастырады;
– филиал президиумының Кәсіподақ құрылымдық бөлімшелерінің жекелей жауапкершеліктері туралы мәселені қарастырмағаны жағдайында Жарғыны орындамағаны және жоғары дәрежелі кәсіподақтардың шешімдерін орындамағаны, сондай-ақ Кәсіподақтың Жарғысын өрескел бұзғандығы үшін немесе өрескел заң бұзушылықтар негізінде Кәсіподақ Төрағасының ұсынысы бойынша аталмыш мәселе талқыға салынып, төраға оларды атқарып отырған қызметтерінен уақытынан бұрын босату туралы шешім қабылдайды, Қабылданған шешім туралы кәсіподақ филиалының мүшелеріне хабарлайды;
– кәсіподақ филиалы төрағаларының тағайындалуы жайлы шешімді бекітеді. Үміткердің кандидатурасы қабылданбаған жағдайда, басқа үміткерлерді сайлау қажет екендігі туралы сайлау науқанын қайта өткізу керектігі жөнінде шешім қабылдайды;
– қаржылық есеп беруді сараптайды, кәсіподақтың мүшелік жарналарының өз уақытында және толғымыен келіп түсуіне қадағалау жасайды;
– кәсіподақ бойынша жылдық есепті қарастырады және бекітеді;
– кәсіподақтың құрылымдық бөлімше басшыларының Кәсіподақ Жарғысы мен қабылданған шешімдерді орындағандығы туралы есептерді тыңдайды;
– комиссиялар құрып, немесе тұрақты, уақытша жұмыс органдарын қалыптастырып, оларға міндеттемелер жүктейді;
– өзіне Кәсіподақтың белгілеген басқа да қызметтерін атқарады;
Қажетті болған жағдайда президиум шешімдері сауалнама арқылы хат жазба күйінде қабылданады;
7.7. Кәсіподақ төрағасы
– салалық Кәсіподақтың Жарғысы, Съезд, Пленум шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
– кәсіподақ Съезіне, ал Съездер аралығында – Пленумға ғана есеп береді;
– кәсіподақ пленумын, президиумды басқарады, Кәсіподақ президиумы мәжілістерін шақырады;
– кәсіподақ атынан мемлекеттік, қоғамдық органдар және ұйымдар, жұмыс берушілер бірлестігінде, халықаралық ұйымдарда сөз сөйлеп, кәсіподақтың мақсат мүддесін қорғайды;
– қажетті жағдайда арыз түсіреді, Кәсіподақ атынан өтініштер мен сенімхаттар жібереді;
– Кәсіподақ атынан жұмыс берушілер және олардың бірлестіктері, мемлекеттік органдар, кәсіби одақтар және басқа ұйымдармен келісімдер жасайды, одан әрі осы шешімдерді Орталық комитеттің мәжілісінде бекітеді;
– бұйрықтар әзірлейді, Салалық Кәсіподақ атынан сенімхаттар тапсырады, шұғыл түрдегі шешімдер жасайды, Кәсіподақтың Орталық аппаратына жалпы басшылық атқарады, қолданыстағы заңға сәйкес аппарат қызметкерлерімен еңбек туралы келісім-шарт жасап, оны тоқтатады.
Кәсіподақ төрағасының шешімі бұйрықтар күйінде рәсімделеді.
– қаржылық қызметтерді атқарады, Кәсіподақтың ақшалай қаражатын шығындардың бекітілген смета есебі бойынша пайдаланады;
– Жарғылық міндеттерді атқарғаны үшін жеке жауапкершілікке жүктеледі;
-кәсіподақтың мүшелік ұйымдары мен мүшелеріне өз қызметі жайында ұдайы есеп береді;
– филиал басшылығына сайланатын үміткерлер туралы ұсыныстарды қарастырады;
– лауазымды тұлғалардың Кәсіподақ жарғысын бұзғаны үшін оларды жауапкершілікке тарту туралы қсыныс жасауға құқығы бар;
-өзіне Кәсіподақтың Орталық комитеті және президиум бағыттаған басқа да міндеттерін атқарады;
-салалық Кәсіподақ төрағасы лауазымы жағынан кәсіподақ Съезі делегаты, Орталық комитете және Президиум мүшесі болып табылады, оларды мәжіліске бастайды. Салалық Кәсіподақ төрағасы болмай қалған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша мәжілісті кәсіподақ төрағасының орынбасары атқарады.
7.8. Кәсіподақ Төрағасының міндеттемелік құзыры – бес жыл.
Бірде бір жеке тұлға Кәсіподақ төрағасы қызметі лауазымына екі реттік мерзімге тағайындалмайды.
7.9. Кәсіподақ төрағасының орынбасары төрағаның бұйрығын жүзеге асырады, ол жоқ кезде орынбасарлық қызмет атқарады.
8.КӘСІПОДАҚТАҒЫ САЙЛАУЛАР ЖӘН
КӘСІПОДАҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
8.1.Кәсіподақта сайлау науқаны біргей мерзімде өткізіледі. Міндетемелер мерзімі, яғни:
– бастауыш ұйымдар үшін – 2,5 жыл ;
– аудандық, қалалық ұйымдар үшін бес жыл;
– кәсіподақтың басқарушылық органдары, оның филиалдары және жерггілікті кәсіподақтар үшін – 5 жыл;
8.2. Кәсіподақтағы есептік-сайлаушылық компанияны өткізудің мерзімі туралы шешімді Кәсіподақта салалық президиум қабылдайды;
8.3. Өкілдік нормасы, делегаттардың конференцияға тағайындалу тәртібі, сонымен қоса оның өткізілу мерзімі мен орнын бастауыш ұйымның сәйкесті түрдегі кәсіподақ органы, филиалы белгілейді, ал Кәсіподақ съезін – президиум жобалайды;
Филиалдардың, Бастауыш ұйымдарының төрағалары олардың орынбасарлары сәйкесті ұйымдардың делегаты – деп мойындалады, ал кәсіподақ Төрағасы немесе оның орынбасары – лауазымына қарай Кәсіподақ съезінің басшысы болып саналады.
8.4. Филиал комитеттері мен Кәсіподақтың Орталық комитеті конференцияда тікелей тұрғыда және арнайы сайлау органы бекіткен квота бойынша съезде тікелей сайланады немесе қайта шақырылып, ауыстырылу құқығы арқылы қалыптаса алады.
Кәсіподақ ұйымдарының басшыларын және сайлау органдарының мүшелерін сайлауды жиналыс пен конференция, Кәсіподақ Съезі анықтайды.
Кәсіподақ және оның филиалдарының басшысы лауазымына үміткерлер кәсіподақтың кем дегенде үш жылдық кәсіподақтық қызмет өтілі бар және сондай-ақ кәсіподақ оқулары курсын тәмамдаған қосалқы құрам және жеке мүшелерінен таңдалады.
8.5. Басқа үміткерлерге қарағанда, дауыстың көбін жинаған және жиналысқа қатысушылар, конференция делегаттары, съезге қатысушылар, жиналыстың жұмысына қатысқан сайлау кәсіподақтарының жартысынан көбінің дауысын жинаған үміткерлер, кворум болған жағдайда, тағайындалған болып есептеледі.
8.6. Жиналыс, конференция, Съезде тағайындалған кәсіподақ ұйымдарының басшылары лауазым бойынша сәйкесті түрдегі кәсіби органдардың мүшелері болып танылады.
8.7.Кәсіподақпен байланысын жоғалтқан, кәсіподақтан шығып қалған сайлау органдарының мүшелері сәйкесті түрдегі сайлау органының шешімімен олардың құрамынан шығарылады.
8.8. Қажетті жағдайда кәсіподақ органдарының алдын ала сайлауы мен олардың құрамын сайлауға дейін толықтыру шаралары жүзеге асырылады:
– бастауыш ұйымдарда – жиналыстар мен конференцияларда;
– Кәсіподақ филиалдарында – филиал мәжілістерінде;
– Кәсіподақта – Кәсіподақтың Орталық комитеті мәжілісінде;
Мерзімнен бұрын сайлаулар сайлау органдары немесе олардың басшыларының жоғары дәрежелі кәсіподақ органының шешімі бойынша кәсіподақ органы немесе оның басшысының Кәсіподақ жарғысын өрескел түрде бұзып, өз қызметінен бас тартқан жағдайында алдын ала өткізіледі.
Кәсіподақ ұйымдарындағы алдын ала сайлау сондай-ақ жекелеген жаңартуға қатысты жағдайда да жүргізіледі.
9.ЖЕКЕМЕНШІК ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ
КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
9.1. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі оған белгіленген тәртіп бойынша берілген мүліктің иесі болып табылады, бұл мүлік кәсіподақтық жарна арқылы ұйымдастырылады, сондай-ақ шаруашылық, баспагерлік, және заңда рұқсат етілген кәсіп арқылы құрылады.
9.2. Кәсіподақ мүлкінің қалыптасуының қайнар көзі:
– қолданыстағы заңға сәйкес қаржы немесе ақшалай қалыптасатын мүлік;
– ай сайын төленетін кәсіподақтық мүшелік жарна;
– еркін түрдегі ақшалай, мүліктік тартулар мен тарту-таралғылар;
– шаруашылық, кәсіпкерлік немесе заңда рұқсат етілген басқа да кәсіп түрлерінен келіп түсетін табыстар,
– заңға қайшы келмейтін басқа да табыс түрлері;
Кез келген кәсіп көзінен келіп түскен табыс жарғылық мақсаттарға бағытталады.
Жекеменшік ретінде мүлік Кәсіподақтікі болып саналады. Оған иелік ету, пайдалану және игеру тәртібін, жекеменшіктің түрінің ауыстырылуын Салалық кәсіподақ анықтайды.
Кәсіподақ өз иелігіндегі мүлікке заңға қайшы келмейтіндей жағдайда кез келген іс әрекеттер жасай алады.
9.3. Бастауыш ұйымдар мен филиалдар оларға Кәсіподақ тарапынан берілген мүлікке иелік етеді.
9.4. Салалық кәсіподақтың ақшалай қаражат мөлшері ай сайынғы кәсіподақтық мүше жарналары, шаруашылық, кәсіпкерлік және заңға қайшы келмейтін басқа да табыс түрлерінен құралады.
9.5. Ай сайынғы мүшелік жарналар Кәсіподақта келесідей мөлшерде белгіленеді:
– жұмыс істеушілер үшін барша бөлінген айлық жалақысынан – 1 пайыздық көрсеткіш;
– студенттер мен оқушылардан шәкіртақы мөлшерінен – 1 пайыздық көрсеткіш;
Бастауыш ұйымдардың шешімдері бойынша кәсіподаққа мүшелік жарналарының өте жоғары көлемдегі мөлшері белгіленеді;
9.6. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі кәсіподақтық мүшелік жарналардың бірегей тұрғыда жиналу тәртібін белгілейді.
Жалақының барша түрінен алынатын ай сайынғы кәсіподақтық мүшелік жарналар Салалық Кәсіподаққа жұмыс берушінің бухгалтериясы арқылы кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмысшының арыз өтініші бойынша ақшалай емес күйде төленеді.
Мүшелік жарналар кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мақсат мүдделерін мемлекеттік және сот органдарында, жұмыс берушілер алдында қорғауға, арнайы білікті мамандар – ұжымдық келіссөздер мен ұжымдық келісім-шарттар жасау барысында кеңес беруші мамандардың еңбекақысын төлеу мақсатында, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсетуге, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау мақсатында ынтымақтастық және басқа да қор түрлерін құруға, кәсіподақ мүшесінің заңды құқықтарын қорғау мақсатында акциялар өткізуге, заңнамалардың жобасы мен басқа да құқықтық құжаттарды, ақпараттық және әдістемелік жұмыстарды сараптап бағалауға, кәсіподақ кадрларын мен басқа да белсенділерін оқытуға тағыда басқа Жарғылық мақсаттарға арналады.
Кәсіподақтық мүшелік жарнаны ақшалай емес түрде төлеу тәртібі Салалық Кәсіподақ Жарғысында белгіленген ұжымдық келісім-шарт негізі мөлшерінде анықталады.
Толық көлемде (жаппай жиналған күйдегі 100 пайыз) бастауыш ұйымда жиналған кәсіподақтық мүшелік жарналар Кәсіподақтық мүшелік жарналар Кәсіподақтың филиалы, өкілдігі және жергілікті кәсіподаққа бағытталады.
Филиалдардан, жергілікті кәсіподақтардан келіп түсетін Кәсіподақтық мүшелік жарналарды Салалық кәсіподақ анықтайды.
Филиалдар, жергілікті кәсіподақтар Салалық Кәсіподақтың Орталық комитетінің қызметіне Кәсіподақ Жарғысы бекіткен көлемде барша жиналған кәсіподақтық мүшелік жарналардың 10 пайызын бағыттайды.
Облыстық, қалалық, аймақтық және жергілікті мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдары өз иелігінде жиналған кәсіподақтық мүшелік жарналардың 70 пайыздан артық емесін қалдырады, және 30 пайыздан кем емес сәйкес филиалға және (немесе) жергілікті (локальды) кәсіподаққа бағыттайды.
Орталық мемлекеттік органдардың бастауыш және жергілікті (локальды) кәсіподақ ұйымдары өз иелігінде жиналған кәсіподақтық мүшелік жарналардың 90 пайыздан артық емесін қалдырады, 10 пайыздан кем емес Салалық кәсіподақтың Орталық комитетіне бағыттайды.
Салалық кәсіподақ Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Жарғысына сәйкес кәсіподақтық мүшелік жарналардың 2 пайызын бағыттайды; мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет жұмысшыларының Халықаралық кәсіподақтар федерациясына Федерация Кеңесінің ұйғарымына сәйкес кәсіподақтық мүшелік жарналардың 1,5 пайызын жұмсайды.
9.7. Кәсіподақ сайлау органдарының кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімшелерінің бюджеті Кәсіподақ Жарғысында белгіленген қызметті қамтамасыз ету үшін оларда бекітілген сметалық есепке сәйкес жұмсалады.
9.8.Жоғары дәрежелі кәсіподақ ұйымдарына қаржылай есеп берулер жарты жылда бір рет жүргізіледі.
9.9. Жоғары дәрежелі кәсіподақ ұйымдарын себептен себепсіз қаржыландыруды тоқтатқан кәсіподақ ұйымдары жоғары тұрған ұйымның шешімі бойынша, үш ай ішінде осы ұйымдарға қатысты Кәсіподақтың қорғау шаралары тоқтатылады-деп ескертіледі.
9.10. Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің төрағаларына кәсіподақтық мүшелік жарналардың толық түрде жиналуы және олардың міндетті түрде белгілі бір тәртіппен үлестірілуі және бөлінуі үшін тікелей түрде жауапкершілік жүктеледі.
9.11. Кәсіподақтың жеке балансы, банкілік есеп шоты, соның ішінде валюталық есеп шоты да болады.
10.САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ БАҚЫЛАУ-РЕВИЗИЯЛЫҚ КОМИССИЯСЫ, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕ РЕВИЗИЯЛЫҚ КОМИССИЯЛАРЫ
10.1. Салалық Кәсіподақтың бақылау- ревизиялық комиссиясы Кәсіподақ Съезінде тағайындалады, ал құрылымдық бөлімшелерінің ревизиялық комиссиялары – конференциялар мен жиналыстарда белгілі бір мерзімдік міндеттемелерге белгіленеді, сәйкесті түрдегі сайлау органы Кәсіподақ және оның құрылымдарының қаржылық-шаруашылық қызметін, қаржының орынды жұмсалуы, Кәсіподақ мүлкінің лайықты тұрғыда пайдалануын бақылау мақсатында өз қызметінде Кәсіподақ Съезінде бекітілген Заңдарға сүйенеді.
Салалық Кәсіподақтың бақылау ревизиялық комиссиясы барша деңгейдегі сайлау органдарына тексеру және бақылау шараларын жүзеге асырады.
Кәсіподақтың бақылау ревизиялық комиссиясы міндетті түрдегі тәртіп бойынша қызметінің алғашқы жарты жылдығы ішінде, сонан кейін қаржылық жыл өткен соң, жергілікті кәсіподақтарға ревизия және тексеру жүргізеді.
Кәсіподақ құрылымдық бөлімшелерінің ревизиялық комиссиялары, соның ішінде жергілікті кәсіподақ ұйымдары өз жұмысы бойынша Салалық Кәсіподақтың бақылау ревизиялық комиссиясына есеп береді, сонымен бірге олардың шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді.
10.2. Кәсіподақтың бақылау ревизиялық комиссиясының төрағасын Кәсіподақтың бақылау ревизиялық комиссиясының мүшелері тағайындайды, сондықтан да ол лауазымы жағынан Кәсіподақ Съезінің делегаты болып келеді, филиалдар, жергілікті кәсіподақтар, бастауыш ұйымдардың ревизиялық комиссияларының төрағалары – лауазымы жағынан сәйкесті конференциялардың делегаттары болып табылады.
11. САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР
МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
11.1. Салалық Кәсіподақ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Кәсіподақтың съезінде жасалады. Съездер аралығында Кәсіподақтың орталық комитеті жекелеген өзгерістер мен толықтыруларды жеке дербес түрде енгізуге құқықты. Сонымен бірге юстиция департаментіне Съезде бекітпей-ақ, Жарғыға толықтырулар мен өзгерістер енгізілгендігі жайлы арыз өтініш түсіре алады.
12. САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫ ҚАЙТА
ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ
12.1. Кәсіподақты қайта құрудың негіз болатын шарттар:
– Кәсіподақ құзырының өзгеруі;
– Кәсіподақ филиалдары, кәсіподақтың бастауыш ұйымдарының құқықтық жағдайының өзгеруі;
– Кәсіподақ құрылымының өзгеруі және т.б.;
– Таратылу барысында Кәсіподақтың барша құқықтары мен міндеттері оның мұрагеріне ауысады.
12.2. Съездің шешімі бойынша егер кәсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің саны Кәсіподақ жарғысында белгіленген мөлшерден азайса, Жарғыда ең аз мөлшердегі сан көрсетіледі немесе сот шешімі бойынша Кәсіподақ қызметі тоқтатылады.
12.3. Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің қызметі Салалық Кәсіподақтың шешімі бойынша тоқтатылады.
Мекемелер, кәсіпорындардың, құрылымдары өзгерсе, немесе жұмысшылардың жұмыстан кетуіне байланысты филиал құрылымының өзгеруі Кәсіподақ шешімімен жүзеге асырылады.
12.4. Шешімнің қабылдануы:
– кәсіподақтың бөлшектелуі кезінде оған съезд делегаттарының кем дегенде 2/3 бөлігі дауыс берсе, немесе кворум болған жағдайда;
– кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің тоқтатылуы жағдайында съезд, конференция, бастауыш ұйым делегаттарының кем дегенде 3/4 дауыс берсе, кворум болған жағдайда.
12.5. Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуы жағдайында оны тоқтату бойынша барша ұйымдастырушылық шараларды сәйкесті түрдегі құрылымдық бөлімшенің ревизиялық комиссиясы атқарады.
Филиалды жою туралы ревизиялық комиссияның қорытындысын Кәсіподақ бекітеді.
12.6. Бастауыш ұйымның жиналысы, конференциясының хаттамасы, ревизиялық комиссияның қорытындысы сәйкесті түрдегі кәсіподақтың филиалына жіберіледі, осыған сәйкес үш күн ішінде шешім шығарылған соң Кәсіподаққа бағытталады. Филиал, жергілікті кәсіподақ конференциясының хаттамасы және ревизиялық комиссияның қорытындысы үш күн ішінде шешім шығарылған соң Кәсіподақтың Орталық комитетіне бағытталады.
12.7. Кәсіподақ қызметінің тоқтатылуы жайында шешім қабылданса, Съезд ұйымды тарату комиссиясын белгілейді, оның құрамына Кәсіподақтың бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшесі енеді. Қабылданған шешім туралы юстицияның сәйкесті орындарына хабарланады.
Тарату комиссиясы Кәсіподақ қызметінің тоқтатылуы жайында хабарландыруды жариялайды, сонымен бірге, борышкерлердің юстицияның орталық органында ресми баспасөз беттерінде арыз жазу, шағым түсіру тәртібі мен мерзімі жарияланады. Арыз беру мерзімі тарату туралы хабарландыру шыққан сәттен бастап, екі ай ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
Шағым арыз түсіру уақыты өткен соң, тарату комиссиясы аралық тарату балансын құрады, ол Салалық Кәсіподақтың Орталық комитетінде бекітіледі.
Кәсіподақ немесе оның құрылымдық бөлімін таратқан соң қалып қойған мүлік Кәсіподақ Федерациясы Жарғысында немесе мұрагердің шарттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.
12.8.Кәсіподақтың қызметін тоқтатуы, заңды тұлғалардың бекітілген тәртіп бойынша орналасқан бизнес – сәйкестендірме нөмірлерінің ұлттық тізімдемесінде осы туралы жазбаны енгізген уақыттан бастап есептеледі.
13.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
13.1. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Салалық Кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі Заңды тұлғаның құғына ие. Бұл құқықты Съезд, пленум, президиум, Кәсіподақ төрағасы, оның орынбасарлары Заңда көрсетілген тәртіп бойынша, осы Жарғыда көрсетілген шарттар негізінде, съезд шешімдері, Кәсіподақтың басқарушы органдары, сондай-ақ заңды тұлға тарапынан берілген сенімхат негізінде жұмыс істейтін филиал төрағаларының шешімдері арқылы жүзеге асырады,
13.2. Кәсіподақтың банк есптері, соның ішінде валюталық есеп шоты, мөрі, мөртабаны, белгілі бір үлгідегі бланкілері болады.
Құрылымдық бөлімдер және олардың сайлау органдарының да өзіндік мөрлері мен штамптары болады.
13.3. Кәсіподақ Мақтау грамоталарын, марапаттарын белгілейді және басқада марапатты бекітеді.
Кәсіподақ төрағасы ____________________ Жақыпов М.Х.