
Жастар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді
13.05.2025«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста күн тәртібіне сәйкес кеңес төрайымы Айгерім Мопық ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, ағымдағы жұмыстар талқыланды және жұмыс жоспарында қарастырылған шараларды пысықталды.

Кеңестің кезекті отырысы өте жоғары деңгейде өтті, аудандардан және қалалық бастауыш ұйымдардан жиналған жастар өз белсенділіктерін көрсетіп, кеңес жұмысын жандандыру, одан әрі дамыту бағытында тұшымды идеяларымен бөлісті.

