
Алматыда медбикелер марапатталды!
13.05.2025Жанға -шипа, көңілге -жылу сыйлаған мейірбикелердің кәсіби мерекесі- Халықаралық мейірбикелер күні жыл сайын 12 мамырда аталып өтіледі. Бұл күн — мейірбикелер еңбегін бағалау мен құрметтеуге арналған ерекше дата.
Тарихқа жүгінсек, 1974 жылдан бастап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен ,бұл күн ресми түрде халықаралық деңгейде атап өтіле бастады.Бұл күннің таңдалуы кездейсоқ емес: 12 мамыр 1820 жылы заманауи мейірбике ісінің негізін қалаушы, Қырым соғысы кезінде жаралыларға көмек көрсеткен алғашқы кәсіби мейірбике-Флоренс Найтингейлдің туған күні екен.
Кәсіби мерекеге орай “Шаңырақ” Әлеуметтік қызмет орталығында салтанатты шара өткізілді. “Қызмет” Салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиал төрайымы Данагүл Айнақұлова еңбегімен еленген мейірбикелерге кәсіби беделін көтеру мақсатында Алғыс хаттарын табыстады, ал бастауыш кәсіподақ ұйымы барлық мейірбикелерге сыйлықтарын ұсынды.

Мейірбике мәртебесі дәрігердің денсаулық сақтау саласында тең дәрежелі серіктесі, маңызды әріптесі екендігін құттықтау тілегін арнаған ұжым басшылығы да, қызмет алушылар да білдірді.