Карағанды облысында еңбек саласына жасанды интеллектіні енгізуге  қатысты мәселелерді талқылады

Карағанды облысында еңбек саласына жасанды интеллектіні енгізуге қатысты мәселелерді талқылады

29.04.2025 Off By Администрация сайта

Карағанды облысында әлеуметтік серіктестер еңбек саласына жасанды интеллектіні енгізу және еңбек қауіпсіздігіне заманауи көзқарастардағы әйелдердің роліне қатысты мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы, сондай-ақ Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы және Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының 100 жылдығы аясында,
28 сәуірде, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, академик Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің конференц-залында: «Еңбекті қорғау мен гигиенаға қатысты заманауи көзқарастардағы әйелдердің рөлі: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың жаңа тәсілдерін дамытуда, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллекті енгізу жағдайында әйелдердің рөлін, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі өзекті мәселелерді талқылау.
Ауқымды форматта алғаш рет өткізіліп отырған бұл диалог алаңының ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы (төрағасы – Болат Жұмабеков) және әлеуметтік серіктестер: Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының (төрайымы – Алмагүл Ракишева) құрамына кіретін Академик Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басшылығы (ректоры – Сауле Сағынтаева), бастауыш кәсіподақ ұйымы (төрайымы – Назым Алпысбаева).

Ашық әрі мазмұнды диалогқа әйел-көшбасшылар, кәсіподақ қозғалысының өкілдері, техникалық жоғарғы оқу орынының профессорлық-оқытушылық құрамы, жұмыс берушілер, еңбекті қорғау саласының сарапшылары, кәсіби медиаторлар, Еңбек инспекциясы комитетінің өңірлік Департаментінің өкілдері, студенттер мен кәсіподақ жастары белсенді атсалысты.
Қонақ ретінде сөз сөйлеген TechnoWonen коммерциялық емес ұйымының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Азиза Шужеева цифрландыру мен жасанды интеллекттің еңбек саласына әкелетін мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы айтып, әйелдердің мүддесін ілгерілетуге бағытталған жаңа AT – Әйел жобасына қатысуға шақырды.
Дөңгелек үстелдің модераторы – Қарағанды облысы кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының тең төрайымы, «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрайымы – Татьяна Шатохина «Жасанды интеллект сияқты серпінді технологиялар адам еңбегінің игілігіне қызмет етуі тиіс, тек қана бақылау жағдайында және өндірістегі қауіпсіздікті арттырып, қателер ықтималдығын төмендетуге көмектесуі керек», – деп атап өтті.

Қарағанды облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы филиалының төрайымы, Қарағанды облысының кәсіподақтар Орталығы жанындағы жұмысшы әйелдер ісі жөніндегі Комиссияның төрайымы – Алмакүл Өсерова мәдениет және спорт саласындағы еңбек қауіпсіздігіне заманауи көзқарастағы әйелдердің рөлі туралы өз тәжірибесімен –бөлісті.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы заң клиникасының Қарағанды филиалының басшысы, «Zolotaya seredina-SM» қоғамдық бірлестігінің Президенті, кәсіби медиатор – Света Шардарбекова – қатысушыларға еңбек қатынастарын медиация және құқықтық қолдау арқылы реттеуде сандық трансформациялауды қолдану жағдайына тоқталып, заң клиникасының оң нәтижелері жайлы айтты.

Қарағанды облысы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары – Айжан Қиясова – еңбек қатынастары мен кадрлық саясаттағы гендерлік күн тәртібін енгізу мәселесіне қатысты пікірімен бөлісті.
Академик А. Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының доценті – Лидия Балабас оңтайлы сұхбат пен тәжірибе алмасуға белсенді түрде үлес қосса, облыстық әйелдер істері комиссиясының мүшесі, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы – Наталья Арыстанова әйелдер кәсіпкерлігіне цифрландыру мен жасанды интеллектті еңбек қауіпсіздігін ескере отырып енгізу тәжірибесін ұсынып, өзінің тігін өндірісін қатысты сәтті кейстерімен бөлісті.
«E-pto Brilliant» ЖШС басшысы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі – Ирина Корытина «Хаостан бір жүйеге дейін: құрылыс жобаларын басқаруды цифрландырудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында өз тәжірибесіне тоқталды.
Іс-шараға қатысушылар еңбекті қорғаудағы заманауи тәсілдер мен жасанды интеллекті енгізудегі әйелдердің рөлі, гендерлік саясат, еңбеккерлерді медиациялық және құқықтық қолдаудың маңызы, цифрлық сын-тәуекелдер мен еңбек мәдениетін қалыптастырудағы әсері туралы кеңінен пікір алмасты.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелге облыстық мемлекеттік және азаматтық қызметшілер кәсіподағының төрайымы – Татьяна Пурясева, Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы – Татьяна Мирхайдарова қатысты.
Шара барысында қатысушылар лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, заманауи технологияларды және әйелдердің еңбек саласындағы рөлін ескере отырып, қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға қатысты қызықты ұсыныстар білдіріп, кәсіби пікір алмасты.
Жан-жақты, мазмұнды кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерлерге шын жүректен алғыстарын білдіріп, алаң жұмысына жоғары баға беріп, гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі саласындағы жаңа идеяларды қолдайтындарын жеткізді.

Қарағанды облыстық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы – Алмагүл Ракишева алқалы жиында қабылданған ұсыныстардың жобасымен таныстырды. Бұл ұсынымдар алдағы әлеуметтік әріптестік аясындағы бірлескен жұмыс барысында ескерілетін болады.

БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ӘР ОТБАСЫНА ЗОР ДЕЕНСАУЛЫҚ, БАҚЫТ, ҚАУІПСІЗ ДЕ ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК, ТАТУЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІК ТІЛЕЙМІЗ !