АҒА БУЫННЫҢ ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІ – ЖАСТАРҒА ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ

АҒА БУЫННЫҢ ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІ – ЖАСТАРҒА ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ

25.09.2019 21118 By Администрация сайта

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитеті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесулер жүйелі түрде өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні Қ.Жұбанов атындағы университетінің «Мәңгілік ел» конференц-залында мемлекеттік қызмет ардагерлері мен жас мемлекеттік қызметшілердің кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында алғашқы сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы А.Қ.Мұқашев, салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитетінің төрайымы М.М.Сағындықова Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекеттік қызметтің қалыптасу кезенінде еңбек еткен өңірге белгілі мемлекеттік қызмет ардагерлерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында кездесуге қатысушы жас мемлекеттік қызметкерлерге ардагерлер де сөз арнады. Олардың ішінде Есенбаев Есімхан Қалмағанбетұлы, Айжарықов Түрікпенбай Жұбанұлы, Елеусізұлы Қанатбай, Барышев Серожатдин Жолдыбайұлы, Кемешов Бердіхан Түйешұлы мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы ашық әңгіме қозғап, ойларымен бөлісті. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілер алдында тұрған өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланды. Жас мемлекеттік қызметшілер аға буын ағалардың үлгі боларлық өсу жолдарымен танысып, олардың елге қызметін өнеге тұтатының айтты.

Кездесу соңында қатысушы ардагерлерге сый-сияпат көрсетіліп, ән шашу арналды.