15  қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

15.11.2022 Off By Администрация сайта

15 қараша – барша Қазақстан үшін ерекше маңызға ие тарихи күн. Бұл күні еліміздің экономикалық дербестігінің символы болып табылатын ұлттық валюта айналымға енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997-ші жылғы 13 қарашадағы №3753 Жарлығымен 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды. Содан бері елімізде бұл күні қаржы жүйесінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Олардың алдында күн сайын бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің кіріс бөлігін ұлғайту, тапшылықты қысқарту сынды күрделі міндеттер тұр.

Қаржы органдары экономикалық жүйені нығайту мен дамытуда маңызды роль атқарады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
«Қызмет» салалық кәсіподағының ҚОФ төрайымы Сәуле Тұрсынбаева Қызылорда қаласының қаржы бөлімінің және Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хат табыстады.
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ! ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУ ЖОЛЫНДА АТҚАРАР ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЖЕМІСТІ ТЕ БЕРЕКЕЛІ БОЛҒАЙ!