15 қараша- Ұлттық валюта күні

15 қараша- Ұлттық валюта күні

15.11.2022 Off By Администрация сайта

Бүгін ұлттық валюта күнін мерекелеу құрметіне «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атакозы Нұрланов «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ және «Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымдарына барды.

Атақозы Нұрланов мекеме басшылары Жұмаев Әліби Арыстанғалиұлы мен Манқараев Қайсар Зәкірұлына әлеуметтік әріптестік аясында бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары және кәсіподақ қозғалысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, қазіргі қоғамды жақсы жұмыс істейтін қаржы секторынсыз елестету мүмкін еместігін атап өтті.

«Жоғары кәсібилік, үлкен жауапкершілік пен тәртіп, қызметтік борышты адал атқару әрбір көрсеткіш пен бюджеттік бағыттың артында қаржы саласы қызметкерлерінің қажырлы еңбегі тұрғанын айғақтайды деді»,-А.Нұрланов.

Елордалық филиал жетекшісі қатысушыларға алға қойған мақсаттарына жетуге, табысты еңбек, зор денсаулық, әр шаңыраққа бақыт пен амандық тіледі.

Бұдан басқа, «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыповтың атынан кәсіподақ қызметіне белсенді қатысқаны, жоғары кәсібилігі үшін және Қазақстанның ұлттық валюта күніне байланысты «Кәсіподақ  қайраткері» медалімен Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, осы мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айжан Әлімқызы Түгелбаева марапатталды.