Батыс өңірінің «Еңбек адамы-Тәуелсіздік тірегі» атты  «Қызмет» Салалық кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының  форумы

Батыс өңірінің «Еңбек адамы-Тәуелсіздік тірегі» атты «Қызмет» Салалық кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы

05.10.2021 Off By Администрация сайта

5 қазан 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне» орай, батыс аймақтық «Еңбек адамы-Тәуелсіздік тірегі «атты «Қызмет» салалық кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Форумға ҚР «Қызмет» Салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова және Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары филиалдарының жетекшілері мен бастауыш кәсіподақ ұйым өкілдері, жергілікті бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелері қатысты. Форум кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін өзектендіру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін нығайту, кәсіподақ бірлігі мен кәсіподақ мүшелерінің ынтымақтастығын дамыту және кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Форумда сөз алған Сала басшысы М.Х.Жақыпов тәуелсіздік алған жылдардан бергі кәсіподақ қозғалысы жөнінде сөз етіп, саланың мәселелері мен міндеттеріне тоқталды. «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен жаңа міндеттері туралы Ақтөбе ОФ төрайымы М.Сағындықова баяндады. Әрі қарай Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы С.К.Сулеймен өз тәжірибесімен, Ақтөбе облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.М.Омарова филиалмен арадағы меморандум аясында жасалынып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Шара барасында Облыс әкімінің орынбасары Булбул Елеусінова кәсіподақ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, кәсіподақтардың қоғам өміріндегі роліне тоқталды. Кәсіподақ – қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен құқықтары толық сақталып, жұмыс берушілер мен еңбекшілер арасында тиімді еңбек қатынастарының орнауына ұйытқы болып отырған негізгі куш деп атап көрсетіп, бірқатар белсенді кәсіподақ мушелеріне облыс әкімі атынан Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар белсенділерге Сала басшысы М.Х.Жақыповтың, Кәсіподақтар орталығының төрағасы Әмірғалиевтің, Филиал төрайымы М.Сағындықованың атынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталар, «Кәсіподақ қайраткері» медельі Темір аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.М.Сатаевқа, «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан улесі ушін» медельі облыс әкімінің орынбасары Б.О.Елеусіноваға, «Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясы» мм –нің басшысы А.К.Мырзалинге табысталды. Шара соңында «2021 жыл бастауыш кәсіподақ» жылы аясында ұйымдастырылған байқаулар қорытындысымен үздік деп танылғандар ;

  1. “Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2021” байқауының жеңімпазы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті»
  2. «Үздік ұжымдық шарт -2021” жеңімпазы “Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы” КММ,
  3. “Үздік кәсіподақ бұрышы -2021” жеңімпазы “Халықты жұмыспен қамту орталығы”КММ,
  4. “Үздік бейнеролик-2021” жеңімпазы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалына бағалы сертификаттар табысталды.