Мектепке жол!

Мектепке жол!

01.08.2018 Off By Администрация сайта

«Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы » ҚБ 2018 ж. 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өтетін «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысуда. Акция аясында іс-шаралар, «Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары өткізіліп, отбасы жағдайы әлеуметтік осал кәсіподақ мүшелеріне көмек көрсетіледі. Акцияның бірінші күні «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Әутәліпов Н.Қ. кәсіподақ ұйымы мүшесінің балалары М.Ұюқбаевқа, А.Усмановаға қайырымдылық көмек ретінде киім, аяқ киім,мектеп рюкзактарын табыс етті.