Басқару органдары

Съез:

Кәсіподақтың Жоғары органы болып съезд табылады, оны Салалық Кәсіподақтың Орталық комитеті кем дегенде 5 жылда бір рет шақырады. Съездің өткізілу мерзімі, күні және орны, өкілдік заңдылықтары, съезге делегаттар сайлау тәртібін Пленум съезд басталғанға дейін екі ай бұрын бекітеді.

Кәсіподақтың Орталық Басқарушы органы – Съез – ол жоғары басқарушы орган; Кәсіподақтың Орталық Комитеті – басқарушы сайлаушы әріптестік орган; Орталық комитет президиумы – күнделікті қызмет атқаратын сайлаушы әріптестік орган, Кәсіподақ төрағасы.

Кәсіподақтың бақылау – ревизиялық комиссиясы Салалық Кәсіподақтың бақылау – ревизиялық тексеруші органы болып табылады.

Салалық Кәсіподақтың шешімі немесе Кәсіподақ құрамындағы ұйымдардың жартысының талабы бойынша өткізілгенге дейін бір ай уакыт бұрын кезектен тыс съез шақырылады, 

Сайланған делегаттардың үштен екісі қатысқан жағдайда өткізілген съез заңды болып табылады.

Кәсіподақ Съезі:

– Кәсіподақтың қызметі және Кәсіподақтың бақылау-ревизиялық комиссиясы қызметі туралы есептерді тыңдайды және талқылайды, олардың жұмысына баға береді, арнайы шешімдер қабылдап, кезекті міндеттерді және Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша шараларды анықтайды;

– Кәсіподақтың Жарғысы, кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелері және кәсіподақтың бақылау-ревизиялық комсиссиясы жайында Ережелерді белгілейді, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;                                                                           

-Кәсіподақтың Орталық комитетінің мүшелерін тағайындайды, тікелей түрде делегат болып сайланған жағдайдағы Комитетің қалыптасуына орай олардың құзырындағы міндеттерді анықтайды;

– Кәсіподақ төрағасын тағайындайды (әдеттегідей, жаңа басшыны Кәсіподақтың Орталық Комитет тағайындаған қосалқы құрамнан) және Кәсіподақ төрағасы ұсынысы бойынша төрағаның орынбасарын анықтайды,Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін сайлайды.

– Кәсіподақтағы мүшелік жарналардың міндетті түрдегі қаржылай үлестірілуі мен бөлінуі туралы Ережені белгілейді;

– Кәсіподақ қызметінің тоқтатылуы жайында шешім қабылдайды;

– Заң актілерінде белгіленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құруы немесе олардың қызметіне қатысуы мүмкін;

– Кәсіподақ қызметіне қатысты басқа да шешімдер қабылдай алады;

Орталық Комитеттің төралқасы, Төраға:

Орталық комитет президиумы – күнделікті қызмет атқаратын сайлаушы әріптестік орган, Кәсіподақ төрағасы.

Ұдайы тұрғыдағы жедел және ағымдағы жұмыстарды жедел түрде  атқару үшін Кәсіподақтың Орталық комитеті Президиум тағайындайды, оның құрамына Кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары, президиум мүшелері енеді. Президиум мәжілістері қажетіне қарай кем дегенде жылына төрт рет  өткізіледі, президиумға сайланған мүшелердің жартысы қатысқан жағдайда ғана бұл мәжілістер заңды болып табылады.

Президиум (Кәсіподақтың ұдайы қызмет атқаратын атқарушы әріптестік органы)

– кәсіподақтың Орталық комитетінің мәжілістерін шақырады, күн тәртібін  және оның өткізілу орнын белгілейді;

– салалық Кәсіподақ және Съез шешімдерінің орындалуын бақылайды;

– салалық келісімдердің негізгі ережелерін белгілейді және олардың орындалуын қадағалайды;

– кәсіподақ кадр мамандары мен белсенділерінің оқуын және білім алуын ұйымдастырады, өзінің кәсіподақтық тәжірбесін насихаттайды;

– кәсіподақ аппаратының құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді, Төрағаның ұсынысы бойынша аппараттың құрылымдық басшыларын тағайындайды;

– жергілікті кәсіподақтың мүше ұйым ретінде Салалық Кәсіподақ құрамына өтуі жайында шешім шығарады;

– кәсіподақ ұйымдарына құрылымдық бөлімшелері тапсыратын статистикалық мәліметтер тізбегін анықтайды;

– кәсіподақтың Орталық Комитеті белгілеген міндеттемелік  тәртіп аясында Кәсіподақтың мүліктері мен қаржысын иеленеді;

– кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерге қатысты марапаттау және жазалау туралы шешімдерді қабылдайды;

– кәсіподақтың Орталық комитетінің табыстар мен шығындар смета тізбегін белгілейді, Кәсіподақтың мүліктерін басқару, иелену жөніндегі заңнамалық сипаттағы шешімдер шығарады;

– еңбекақыны төлеу, Кәсіподақтың төрағасы мен орынбасарының лауазымдық жалақыларының төлену тәртібін анықтап белгілейді, кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің штаттық жұмысшыларының еңбекақысын төлу туралы ұсыныстарды бекітеді;

– кәсіподақтың жарғылық, қаржылық қызметін тексеру туралы шешімдер қабылдайды, заң бұзушылықтар орын алған жағдайда, мәселе толық анықталғанға дейін, олардың банктік есеп операцияларын тоқтатады;

– жарғы және кәсіподақтың әріптестік органдарының шешімдеріне қайшы келетін төменгі сатыдағы кәсіподақ ұйымдарының шешімдерін тоқтатады, бұл жайында Кәсіподақ мүшелеріне хабар береді;

– кәсіподақтағы бірегей кадрлық саясаты үйлестіреді, соның ішінде кәсіподақ кадр мамандарын таңдау, үйрету және оқыту, Кәсіподақтағы басқарушылық қызметке қосалқы мамандарды дайындауды ұйымдастырады;

– филиал президиумының Кәсіподақ құрылымдық бөлімшелерінің жекелей жауапкершеліктері туралы мәселені қарастырмағаны жағдайында Жарғыны орындамағаны және жоғары дәрежелі кәсіподақтардың шешімдерін орындамағаны, сондай-ақ Кәсіподақтың Жарғысын өрескел бұзғандығы үшін немесе өрескел заң бұзушылықтар негізінде Кәсіподақ Төрағасының ұсынысы бойынша аталмыш мәселе талқыға салынып, төраға оларды атқарып отырған қызметтерінен уақытынан бұрын босату туралы шешім қабылдайды, Қабылданған шешім туралы кәсіподақ филиалының мүшелеріне хабарлайды;

– кәсіподақ филиалы төрағаларының тағайындалуы жайлы шешімді бекітеді. Үміткердің кандидатурасы қабылданбаған жағдайда, басқа үміткерлерді сайлау қажет екендігі туралы сайлау науқанын қайта өткізу керектігі жөнінде шешім қабылдайды;

– қаржылық есеп беруді сараптайды, кәсіподақтың мүшелік жарналарының өз уақытында және толғымыен келіп түсуіне қадағалау жасайды;

– кәсіподақ бойынша жылдық есепті қарастырады және бекітеді;

– кәсіподақтың құрылымдық бөлімше басшыларының Кәсіподақ Жарғысы мен қабылданған шешімдерді орындағандығы туралы есептерді тыңдайды;

– комиссиялар құрып, немесе тұрақты, уақытша жұмыс органдарын қалыптастырып, оларға міндеттемелер жүктейді;

– өзіне Кәсіподақтың белгілеген басқа да қызметтерін атқарады;

Қажетті болған жағдайда президиум шешімдері сауалнама арқылы хат жазба күйінде қабылданады;

Орталық Комитеті

Съездер арасындағы мерзімде Кәсіподақтың басқарушы органы – Кәсіподақ төрағасы басқаратын Кәсіподақтың Орталық комитеті болып табылады. Кәсіподақтың Орталық комитетінің мәжілістері қажетіне қарай жылына бір рет өткізіледі, олардың құрамына сайланған делегаттардың жартысы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

Салалық кәсіподақтың Орталық комитеті: 

– съез шешімдері мен Кәсіподақтың жарғылық міндеттерін ұйымдастырады және бақылайды;                                                                                               – кәсіподақтың құқықтары мен мақсат мүдделерін мемлекеттік, сот органдары, шаруашылық және қоғамдық ұйымдарды қорғайды;                                                               

– кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағыттайды, оларға ұйымдастырушылық, әдістемелік, кеңестік және құқықтық көмек көрсетеді, кадр мамандық жән қаржы саясатын жүргізеді;

– кәсіподақ Съезі алдында өз қызметі жайында есеп береді;

– кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімшелерінің Кәсіподақ Жарғылары мен қабылданған шешімдерді орындағандары жайлы есептерін тыңдайды;

– кәсіподақ төрағасы лауазымына үміткерлердің сайлану тәртібін анықтайды;

– кәсіподақ президиумын тағайындайды, есептерін тыңдап, арнайы шешімдер шығарады;

– кәсіподақ Төрағасының уақытына бұрын қызметінен кеткен жағдайда, оның сайлану науқанын өткізеді;

– өз өкілдерін сайлап, оларды кәсіподақтар бірлестігі құрамына (Қазақстан кәсіподақтар Федерациясы, Жалпы Ортақ кәсіподақтар конфедерациясы) өз делегаттарын тағайындайды;

– кәсіподақ Орталық комитет мүшелерінің қайта шақырылған, немесе ауыстырылған жағдайдағы міндеттерін анықтайды;

– кәсіподақтағы есеп беру және сайлауларды өткізу жайындағы мерзімдері мен тәртібін белгілейді;

– кәсіподақтың күнделікті қызмет атқаратын комиссиясы туралы Ережені қабылдайды;

– өзіне кәсіподақ Съезі тарапынан белгіленген басқада міндеттерді атқарады;

Бақылау-тексеру комиссиясы:

Салалық кәсіподақтың бақылау-тексеру органы кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы болып табылады.

Салалық кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы кәсіподақтың съезінде сайланады.

Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы барлық деңгейдегі сайлау органдарының қызметін тексеруді және тексеруді жүзеге асырады.

Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы міндетті түрде жергілікті кәсіподақтарды тексеруді және тексеруді қызметтің бірінші жылы ішінде, кейіннен қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүзеге асырады.

Кәсіподақтың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде жергілікті кәсіподақтардың тексеру комиссиялары өз жұмысында салалық кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерімен сайланады және лауазымы бойынша кәсіподақ съезінің делегаты болып табылады, филиалдардың, жергілікті кәсіподақтардың, бастауыш ұйымдардың тексеру комиссияларының төрағалары лауазымы бойынша тиісті конференциялардың делегаттары болып табылады.